Бүгін «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының ұйымдастыруымен №83 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қайнарбұлақ» бастауыш партия ұйымының өкілдерімен кездесу өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы фракция мүшесі, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Талғат Балтабаев және «Қайнарбұлақ» БПҰ мүшелері мен ұстаздар қауымы қатысты.
Жиынның басты мақсаты 6 қазанда Астанада өткен партияның кезектен тыс XXIV Съезі мен Халықтық коалиция форумының қорытындысын талқылау. Елорда төрінде республика бойынша 1200 делегаттың басын қосқан Съезд өткені көпшілігіңізге мәлім. Міне, осы шарада саяси партиялар мен республикалық ұйымдардың өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалиция құрды. «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов халықтық коалиция Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын ұсынатынын жария етті.
Бүгінгі жиынның спикері Т.Балтабаевтың айтуынша, Съезде партияның саяси тұғырнамасы қабылданып, Жарғыға өзгерістер енгізілген. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде ресми тіркелді. Халықтық коалиция Қ.Тоқаевты ұсынуды қолдаған 400 мыңға жуық қол жинады.