“Нұрсәт” өнер мектебінде Қаратау ауданының көпқабатты тұрғын үй халқымен кездесу өтті. Жиын мақсаты ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау.
Кездесуге “AMANAT” партиясы, Шымкент қалалық мәслихат депутаттары Талғат Балтабаев, Айжан Наимбекова қатысты. Іс-шара барысында мәслихат депутаты Талғат Балтабаев Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы басым бағыттар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиын соңында жиналған жұрт Жолдау жүктеген міндеттер туралы өз ойларымен бөлісіп, өзгерістер жолындағы барлық реформаларын қолдайтындарын да жеткізді.