ШЕШУШІ СӘТТЕ БЕЛСЕНДІЛІК КЕРЕК

Бүгін Еңбекші ауданына қарасты Маятас тұрғын алабының №119 мектеп қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауын «AMANAT» партиясының Еңбекші аудандының Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова талқылап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған бұл Жолдауы күн тәртібінде тұрған экономикалық саясат, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, нақты секторды дамыту, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, заң мен тәртіп салаларын қамтыды. Соның ішінде экономикалық және саяси реформалармен қатар, адам құқықтарын қорғау мәселесі басым бағыттардың бірі болды. Бұл өзгерістер билік пен бұқара арасын жақындатып, әрбір азаматтың теңқұқықты, жайлы қоғамда өмір сүруіне ықпал етеді деп ойлаймын.

Мемлекет басшысы Жолдауда Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының тең жартысын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды қамтитын «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын ұсынды. Аталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін ғана шешіліп, олардың баспана және жоғары білім алуына жұмсалмақ.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*