ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КӘСІПКЕ ҚОЛДАУ БАР

Шымкентте нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісі ұлғаюда. Бұл бағыттағы жұмысты жандандыруда әлеует жеткілікті.
Заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендері осының дәлелі. Бүгінгі «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында өткен қоғамдық тыңдауда аграрлық саланың келелі мәселелері айтылды.

Шымкент қаласы мәслихаты «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мәжілісінде Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Жанбатыров Абунасыр Шарифуллаұлының өз саласына қатысты есебі тыңдалды.

Мәжіліске фракция мүшелері, партия филиалы жанындағы Агроөнеркәсіптік кешені комитетінің төрағасы Имашев Қайрат Есенбекұлы, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Жанбатыров Абунасыр Шарифуллаұлы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиналғандар сонымен бірге, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша әңгіме өрбітіп, жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндірді.

«Биылғы Жолдау Президент бастаған саяси жаңғыру процесінің экономикалық өзгерістермен жалғасатынын көрсетіп отыр.
Яғни, саяси — құқықтық трансформация халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған нақты іс-шаралармен жалғаспақ. Бұл мемлекеттің дамуы үшін қажет өзгерістердің кешенді түрде және кезең-кезеңімен қолға алынып жатқанын айқындайды.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында қарапайым халықты толғандырған нарықтық тұрақсыздық, бағаның өсуі, құрылыс және аграрлық секторларды дамыту, жерді игеру, салық мәселелері, ұлт денсаулығын сақтау жолындағы бастамалар мен тың реформаларды жүзеге асырудың қажеттігіне баса назар аударды»,- деді «AMANAT» партиясының фракция жетекшісі Бекайдар Мұсаұлы Төлегенов.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*