Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ жанындағы колледж студенттерімен «New public managment» тақырыбымен кездесу өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, ОҚУ ректоры Д.Қожамжарова, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Б.Қыдырбаев қатысты.
Жастар – ілгері дамудың негізгі қозғаушы күші, еліміздің дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы, еліміздің салтын, дәстүрін келер болашаққа жеткізуші көпір. Мемлекет басшысы Жолдауда жастарды қолдау үшін тұрғын үй бағдарламалары және арнаулы жобалар жүзеге асырылып жатқанын жеткізген болатын. Мәдениет, ғылым мен білім саласында табысқа жеткен жастарға мемлекеттік сыйлық та табысталуда. Сонымен қатар, алдағы жылы жастарға төмен пайыздық мөлшермен кәсіп жүргізгісі келетіндерге несие беріледі. Осы сұрақтар төңірегінде жастар өздерін қызықтыратын сауалдарына жауап алды.
-Білім саласының қызметкерлерінің бүгінгі таңда жауапкершілігі мен маңызы күшейіп отыр. Өйткені, сапалы білім беру елімізді индустрияландырудың және инновациялық даму жолына түсірудің басты алғышарты болып табылады. Білімсіз қоғамда прогресс, жаңа өрлеу мүмкін емес. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы. Бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп, білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қоюда. Жастар өз күш-жігерлерін, білімдерін тәуелсіз елінің гүлденуіне атсалысуы тиіс, — деді Ж.Әлібекқызы.