Бүгін Шымкент қалалық №2 емханасының ұжымына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып, ұжым тарапынан үлкен қолдауға ие болды.
«AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Е.Бертаев, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Н.Анарбеков дәрігерлерге Жолдаудағы негізгі басым бағыттарды жан-жақты түсіндірді.
«Бұл Жолдау – жаңа Конституцияны іске асырудың бастамасы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауы маңызды бастамаларға толы болды. Соның ішінде елдің көкейінде жүрген көп сұрақ көтерілді деп ойлаймын. Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы елдегі балалардың шотына 18 жасқа толғанға дейін аударылады. Бұл бастама 2024 жылдан басталмақ. Келесі мәселе – жер мәселесі- халықтың игілігінде қала береді. Сондай ақ, биыл күзде Президент сайлауы өтеді. Ал Парламент құрамы келер жылы жаңадан жасақталмақ» деді ол.
Ұлттық қордың табысы халық пайдасына жұмсалатыны көпшіліктің көңілінен шыққан жаңалықтың бірі болды. Жиналғандар жолдаудағы тапсырмалар мен міндеттерді бүкіл қоғам болып жұмылып, орындауымыз қажет деп оларымен бөлісті.