ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ӘДІЛ АЗАМАТТАР ҚҰРАДЫ

Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды құру жолында Әділетті Қазақстан ұстанымына айрықша назар аударып отыр. Қоғам барлық мәселеде ашықтық, әділдік пен заңдылықтың болғанын қалайды. Президент көтеріп отырған бастамалар баянды болған кезде, біз шын мәнінде де зайырлы, құқықтық мемлекетке айналамыз.

Жалпы, Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құру жолында қолға алған барлық реформалары қолдауға тұрарлық. Біз Конституциялық сотты құру арқылы да өркениет көшіне ілескенімізді байқатамыз. Жер мәселесіне қатысты айтқан ұстанымдары да Қазақстан халқының ойымен үйлесім тапты деп айтуға толық негіз бар.

Біз құқықтық мемлекетке айналу жолында жаңа саяси реформалардың жүзеге асатынын көріп отырмыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*