ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУДЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ

Әділетті Қазақстанды әділ жандар құра алады.
Әділетті Қазақстан — бұл биліктің халық үніне құлақ асып, билік пен халықтың байланысын жақындату жолы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Менің ұстанымым әрбір азамат тең мүмкіндіктерге ие, әрі құқығы қорғалған Әділетті Қазақстан құру.
Жаңартылған құндылықтар мен дүниетаным жүйеміздің басты қағидаларының бірі – адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу болуы керек» деп ел бо­лашағына алаңдайтын мемлекетшіл азамат ретінде ойын жеткізуі көптен күткен сөзі еді.

Расында, халық пен билік және зиялы қауымның әділдікке құрылған одағына ешқандай қара ниетті күш қарсы тұра алмайды.

Ендеше, Әділетті Қазақстанды бірге өркендетейік!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*