Қоғамдағы оң өзгерістердің басты қозғаушы күші – жастар. Елімізде рухы азат көзі ашық көкірегі ояу ұрпақ өсіп келе жатыр. Жас ұрпақ елдік істерге белсене қатысуға дайын.
Бұл туралы ҚР Президенттігіне үміткер Қ. Тоқаевтың сенімді өкілдерінің Ж. Тәшенов атындағы университеттің оқытушы құрамы мен студенттерімен кездесуінде айтылды.
«AMANAT» партиясы Шымкент филиалының атқарушы хатшысы Ж. Бектаева, штаб мүшелері Е. Айтбаева, Т. Сұлтанова сайлау алды бағдарламасының басты бағыттарына тоқталып, жастардң өсіп-өркендеуі үшін бәріне бірдей әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктер ұсынылатындығын атап өтті. Ол үшін жастар саясат түбегейлі өзгертіледі. «Жастар үшін» деген қағидаттың орнына «Жастармен бірге» деген қағидат ұсынылады.
Кездесу соңында сенімді өкілдер Жаңа Қазақстанның болашағы жастардың қолында екендігін айтып, оларды сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырды.