МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында медицина саласындағы өзекті мәселелер назардан тыс қалған жоқ.

Жолдаудағы үшінші бағдар – ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция. Бұл туралы қалалық қан орталығында өткен басқосуда сөз болды.

Бүгін «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары М.Қалмұратов, Қаратау аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ә.Иманқұлов, штаб мүшесі Ж.Таңатарова аталмыш мекеменің қызметкерлеріне Жолдаудағы медицина саласына қатысты реформалар кеңінен әңгімеледі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Әрбір қалада, аудан орталығында, ірі ауылдарда сапалы дәрігерлік көмек көрсетілетін болады.

Бұл – Әділетті Қазақстанды құру үшін аса маңызды басымдықтың бірі. Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржыны көбейте береміз. 2027 жылы оның көлемі жалпы ішкі өнімнің кемінде 5 пайызына жетеді.

Дәрігер мамандығының беделін арттыру үшін олардың биік мәртебесі заң жүзінде бекітіледі. Медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Біз халық денсаулығын алдын-ала тексеру бағдарламасының аясын кеңейтеміз» деп айтқан болатын. Жаңа Қазақстанды құру жолында барлық саланың мамандары белсенділік танытып, өз үлесін қосуы маңызды.

Алдағы сайлауда да әрбір азаматтың дауысы маңызды. Сол себепті әрбір қазақстандық мемлекет басшысын таңдауда дұрыс шешім қабылдауы тиісті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*