САПАЛЫ БІЛІМ – ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ

Білім беру мен ғылым саласы – еліміздің басты басымдықтарының бірі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы халыққа Жолдауында ел мен қоғамның одан әрі дамуының пайымы баяндалып, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды стратегиялық міндеттер белгіленген.

Мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесін шешуде 2025 жылдың соңына дейін 1000 мектеп салу міндеті қойылды. Балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайда тәрбиеленуі керек.

Егер біз жастардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуын қаласақ, балалар тиісті жағдайда тәрбиеленуі керек, бұл – бүгінгі заманның талабы десек болады.

Осы және өзге де маңызды мәселелер туралы Орталық Азия Инновациялық Университетінде өткен кездесуінде айтылды.

«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, штаб мүшелері Б.Нарымбетова, Қ. Сұлтанғали, Г. Жартыбекова өз сөздерінде қаладағы орта білім беретін оқу орындарының бүгінгі жай-күйі мен студенттерді жатақханамен қамту мәселелерін атап өтті. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру үшін аса маңызды басымдықтың бірі.

Кездесу соңында сенімді өкілдер жиналған қауымды еліміздің болашағы үшін алдағы сайлауда бесенділік танытып, дауыс беруге шақырды.

Еліміз үшін маңызды оқиғаға әрбір қазақстандық қатысуы маңызды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*