Мүгедек жандарды әлеуметтендіру қоғам алдында тұрған маңызды мәселенің бірі.
Олардың қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптасуында заңгерлердің, психологтар мен кеңесші мамандардың орны бөлек. Мүгедек жандардың жұмысқа орналасуы, білімін жетілдіру мен жаңа кәсіп игеруі кәсіби бағдарды қажет етеді.
Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Қ. Тоқаевтың сенімді өкілдері «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында болды. Орталықтың басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс істеу.
Оларға қоғамдағы әлеуметтік көмектің барлығы дұрыс деңгейде көрсетілуі керек. Жұмысқа орналастырудан бастап, құқықтық, психологиялық кеңес беру, кәсіпке баулу, қажетті құралдармен қамтамасыз ету басты мақсат болмақ. Қаламызда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың түрлі қауымдастықтары бар.
«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары М.Қалмұратов, Қаратау аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ә.Иманқұлов, штаб мүшесі Ж.Таңатарова кездесуге келгендерге мемлекет басшысының Жолдаудағы бес бағыты туралы кеңінен әңгімеледі.
Жадыра Нағашыбайқызы, өз сөзінде ерекше жандар қоғамның толыққанды мүшесі екені және олардың кез-келген салада өз белсенділігін танытып, көпшілікпен жұмыс жасауына жағдай жасалғанын атап өтті. Алдағы кезектен тыс Президент сайлауында әрбір азаматтың дауысы, таңдауы маңызды.