Бүгін Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді.
Қалалық қоғамдық штабтың төрағасы, қалалық мәслихаттың хатшысы Б. Нарымбетов, “Amanat” партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары М. Қалмұратов, фракция жетекшісі Б.Тулегенов өз сөздерінде Әділетті Қазақстанның басты құндылықтары – еліміздің тәуелсіздігі мен жеріміздің тұтастығы екенін атап өтті. Сондай-ақ, халқымыздың терең тарихы мен салт-дәстүрі, жұртымыздың мызғымас бірлігі, отаншылдығы, еңбекқорлығы және отбасы құндылықтары. Осы байлығымыздың барлығын сақтап, жаңа ұрпаққа жеткізу үшін еліміздің болашағы үшін дұрыс таңдау жасау керек.
Кездесу соңында сенімді өкілдер жиналған қауымды 20 қараша күні сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырды.