КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Үшінші шаһарда үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгін қалалық қоғамдық штаб өкілдері Ж.Бектава, Е.Бертаев,А.Оспанов, Б.Әлтеев, Р.Әшетаев, Н.Балабиев, Н.Бұхарбай, М.Жолдыходжаев, Шымкент қонақүйінде кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

«Мемлекет өзінің экономикаға араласуын айтарлықтай азайтып (2025 жылға қарай 14% дейін), оның монополизацияландыруды жалғастырады. Бұл іскер азаматтарға үлкен мүмкіндіктер ашады. Әділетті Қазақстанда кез келген заңды кәсіпкерлікке лайықты орын дайын болады. Мемлекет заңға бағынатын кәсіпкерлерді негізсіз әкімшілік қысымнан және тексеруші құрылымдардың себепсіз араласуынан қорғайды.

Жосықсыз кәсіпкерлер көлеңкеден шығарылады (көлеңкелі экономика деңгейін ЭЫДҰ елдерінің көрсеткішіне ІЖӨ-нің 15%-ына дейін төмендетіледі). Біз жағымды инвестициялық климат құрамыз. Кем дегенде 150 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясын тартамыз» деді өз сөзінде Жанар Әлібекқызы.

Сонымен қатар, штаб мүшелері мемлекет транзиттік дәліздердің жүк айналымы мен өткізу қабілетін арттыратыны туралы айтты. Сол арқылы ел экономикасына мол инвестиция тартуға тың серпін береді. Басқосу соңында шағын және орта бизнес өкілдері алдағы кезектен тыс Президент сайлауында Қ.Тоқаевты қолдап дауыс беретіндерін айтты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*