«ЖЕР АМАНАТЫ» комиссиясының отырысы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясының жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысы өтті.

Абай ауданы Көкбұлақ тұрғын алабында өткен отырыс Шымкент қаласында заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша ұйымдастырылды.

Тұрғындармен әңгімелесу кезінде комиссия мүшелері өңірде ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтып, жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Жалпы, Шымкент қаласы бойынша «Жер аманаты» комиссиясының көмегімен 600 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Айта кетейік, Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, пайдаланылмай жатқан немесе берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға жәрдемдесу және олардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылғы 22 маусымында «АМАНАТ» партиясы жанынан «ЖЕР АМАНАТЫ» республикалық комиссиясы құрылған болатын. Сәйкесінше, депутаттар, жер қатынастары және ауыл шаруашылығы басқармасының басшылары, облыс прокурорларының орынбасарлары, заңгерлер, қоғам қайраткерлері, белсенділер мен блогерлерден құралған аймақтарда та «Жер аманаты» комиссиясы құрылды.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша бүгінге дейін елімізде 2 млн.933 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сондай ақ, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясы жерді беру және пайдалану кезінде жер заңнамасын бұзу фактілері бойынша азаматтардан өтініштерді жедел қабылдау бойынша «жедел желі» іске қосылып, қарқынды жұмыс жасуда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*