«Рухтастар» партиясының сенімді өкілдерімен кездесті

Бүгін сайлауалды бағдарламаның өзектілігі мен тиімділігін жеткізу үшін
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Қожамжарова Дария Пернешқызы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Юсупова Алия Махсутқызы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызы, Шымкент қаласы мәслихатының депутатығына кандидат Қобланова Нургул Турезқызы, «Шымкент қаласы мәслихатының депутатығына кандидат Серкебаев Есенбек Салдарбекұлы жастармен кездесті.

Партияның сайлауалды бағдарламасында жастар мәселесіне қатысты арнайы бөлім қаралған.

– «AMANAT» партиясының бақылауымен алдағы 5 жылда 16 мыңнан астам жас «Жастар практикасы» жобасына бағытталып, жұмысшы жастарды ынталандыру үшін 3 жылда 2,7 мың пәтер беру көзделуде. Оған қоса екі үздік волонтер жобасына 1 миллион теңгеден грант бөлініп, жас кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріледі. Сіздерге бар мүмкіндік беріледі, ендігі – жастық қайраттарыңызды кәдеге асыру, – деді партия филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева.

Мемлекетімізде жастарға әрдайым баса назар аударылып келеді. Алдағы уақытта қалалар мен өңірлердегі жұмыспен қамту орталықтарында әкімдіктермен бірге жастармен, жұмыссыздармен, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен тікелей жұмыс істейтін мобильді топтар құрылмақ.

Кандидаттар жастарға бүгінге дейін атқарған жұмыстары туралы ақпарат беріп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Жиын соңында кандидаттар жастарды наурыз айында өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*