САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНА ҮНПАРАҚТАР ТАРАТЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы сауда орталығында партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша қала тұрғындарына сауал қою арқылы ашық микрофон іс-шарасы өтті.

Аталған іс-шарада Шымкент қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Абдукаримов Мақсат Серікұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Позылов Бақытжан Жолдасбекұлы, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Мәжінбеков Сәкен Аралбайұлы және белсенді жастар үгіт-насихат парақшаларын тарата отырып, сауалнама жүргізді.

Үміткерлер үнпарақтар тарату барысында тұрғындардың ұсыныс-тілегін тыңдап, оның партияның сайлауалды бағдарламасында бар тұстарын жіті түсіндірді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*