«BIR TOLQYNDA» диалог алаңы ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Позылов Бақытжан Джолдасбекұлы және Шымкент қаласы мәслихат депутаттығына кандидат Байтуов Біржан Қаниұлы Рухтастармен кездесті.

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңында өткен кездесу партиясы Жастар қанатының ұйымдастыруымен өтті.

Кездесуде жастар қаламыздың жұмыспен қамту, баспана, білім саласына қатысты сауалдар қойып, ұсыныстарын берді.

Биыл партия «Жастарға жұмыс» партиялық жобасы аясында 300 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жас азаматты жұмысқа орналастыруды және әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ететін орталықтар құрады. Жалпы, 2027 жылға дейін 1,5 млн-нан астам жас жұмыспен қамтылады.

Сонымен қатар, партия жұмыс істейтін жастарды жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету тәжірибесін жалғастыруға ниетті. Ал білім қолжетімді болуы үшін колледждер мен жоғары оқу орындарында грант саны артып, студенттердің шәкіртақысы өседі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*