«AMANAT» ІСКЕ КІРІСЕДІ

19 наурызда өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың қорытындысы толық шығып бітті. Мәжіліске пен жергілікті мәслихаттарға партиялық тізіммен және бір мандаттық округтерден сайланған депутаттар белгілі болды.

Орталық сайлау комиссиясы жариялаған қорытынды бойынша, «AMANAT» партиясы ҚР Парламентінің Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында 53,46% дауыспен жеңіске жетті. Соған сәйкес депутаттық мандаттар бөлініп, «AMANAT»-қа – 40, «Ауыл» партиясына – 8 орын бөлінсе, «Ақ жол» – 6, «Республика» – 6, ҚКП – 5 және ЖСДП – 4 депутаттық орынға ие болды.

Бір мандаттық округтер бойынша Шымкент қаласынан екі депутат мәжілісмен атанды. Данабек Исабеков және Болатбек Нажметдинұлы, тиісінше, №6 және №7 сайлау округтерінен сайлауға түскен болатын.

Арада бірер күн өткен соң Шымкент қалалық сайлау комиссиясы 19 наурызда өткен сайлау қорытындысы туралы шешімін жариялады.
Жалпы, сайлаушылардың тізімдеріне 639 663 азамат енгізіліп, солардың ішінен 287 754 сайлаушы дауыс берген. Сайлауға 6 саяси партия, ал бір мандаттық округ бойынша 100 үміткер қатысқан.

Сайлау нәтижесінде партиялық тізім бойынша «AMANAT» партиясы сайлаушылар дауысының 64,84 пайызын жинап, ең көп дауыс жинады.
Күні кеше «AMANAT» партиясы» Шымкент қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Бюро мүшелері Шымкент қалалық мәслихатының депутаттық мандаттарын бөлу кезектілігін белгілеу, қалалық мәслихатта «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясын құру және фракция жетекшілігіне кандидатура ұсыну, қалалық мәслихат төрағалығына кандидатура ұсыну секілді мәселелерді қарады.

Көпшілік дауыспен Шымкент қаласы мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі ретінде Имашев Қайрат сайланса, қалалық мәслихаттың төрағасы ретінде Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлының кандидатурасы бірауыздан бекітілді.

Оған қоса «AMANAT» партиясынан Шымкент қалалық мәслихатының депутаттық мандаттары бөлінді. Сонымен, партия атынан сайланған депутаттар тізімі:
1. Нарымбетов Бахадыр Мадалиевич
2. Бектаева Жанар Әлібекқызы
3. Елчиева Альбина Балгабаевна
4. Наимбекова Айжан Избасхановна
5. Юсупова Алия Махсутовна
6. Имашев Кайрат Есенбекович
7. Зейнетаев Абзал Скендирович
8. Балтабаев Талғат Дуйсебайұлы
9. Дубинина Алина Равильевна
10. Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы
11. Билисбеков Ергали Даулетбекович

Ал бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Шымкент қалалық мәслихатына сайланған депутаттар тізімі мынадай:
№1 сайлау округі бойынша – ИсхаховТалғат Жүнісбекұлы
№2 сайлау округі бойынша – Нұрсұлтан Қайратұлы Балабиева
№3 сайлау округі бойынша – Мұрат Жаңабайұлы Жолдыхожаев
№4 сайлау округі бойынша – Күрпебаев Нұралы Баймолдайұлы
№5 сайлау округі бойынша – Сұлтанова Төреайм Жолдыбайқызы
№ 6 сайлау округі бойынша – Қожамжарова Дариякүл Пернешқызы
№7 сайлау округі бойынша – Әбішев Бөкейхан Нұралиұлы
№8 сайлау округі бойынша – Қалмұратов Мұратәлі Оразалыұлы
№ 9 сайлау округі бойынша – Нұрлыбаев Асхат Мелдебекұлы
№ 10 сайлау округі бойынша – Байкен Әшірбайұлы Әшірбаев
№11 сайлау округі бойынша – Молдабек Асқар Ағабекұлы
№12 сайлау округі бойынша – Марат Бортайұлы Өтемісов
№13 сайлау округі бойынша – Сулайманов Лазиз Низамханұлы
№14 сайлау округі бойынша – Шыңғыс Лесбайұлы Қозбахов
№15 сайлау округі бойынша – Қуашбаев Дулат Саттарұлы
№16 сайлау округі бойынша – Керімжанова Мерлана Әбдірахманұлы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*