ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРДЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрт аудандық бөлімдерінде де арнайы құрылған жұмысшы топтар әлеуметтік маңызы бар объектілерінде тауарлардың бар болуы және олардың бағаларына мониторинг жүргізуде.

Арнайы жасақталған топ сауда орталықтары, базар, дүкен, дәріхана, жанар- жағармай бекеттеріне зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Мониторинг барысында мәселен, Еңбекші ауданында орналасқан “Magnum” сауда орнында күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізілді. Азық-түлік дүкендерінде тауарлардың сатылымдағы бағаларына сәйкес айырмашылықтарына мән беріп, жіті бақыланды.

Ал Абай аудандық Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері бірқатар дәріханалар жүйесінде болып, дәрілік заттардың бағасын зерделеу жұмыстарын жалғастырды. Мониторинг топтары жанар-жағармай бекеттерінде де болды.

Алдағы уақытта қала аумағындағы жұмысшы топтар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, нарықтағы тауар бағасын бақылап, бағаның себепсіз өсуінің алдын алатын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*