Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті.
Жиынға қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, тиісті басқарма мамандары, қоғамдық кеңес төрағасы Есенбек Серкебаев бастаған партияластар, кеңес мүшелері қатысты.
Отырыста биылғы жылдық жоспарға сәйкес Жол картасының орындалуы бойынша Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт, Білім беру басқармаларының есебі тыңдалды.
Айта кетейік, партия алдағы бес жылда тұрғындарды бұқаралық спортқа жаппай жұмылдыруды мақсат етіп отыр. Басқарма есебі бойынша, бүгінгі таңда қала тұрғындарының 43 пайызы жүйелі бұқаралық спортпен шұғылданады. Көрсеткішті ұлғайту үшін спорт нысандары салынуда. Барлығы партия бақылауында.
Білім саласында да қордаланған мәселе жетерлік. Сайлауалды бағдарламаға сәйкес, қаладағы үш ауысымды мектептерді түбегейлі жойылып, «Жайлы мектеп» жобасы аясында 25 мектептің құрылысы сапасына партиялық бақылау орнатылған. Сондай ақ, күні кеше жаратылыстану-математика бағытында Республикалық олимпиадаға келген оқушылардың уланғаны, №33 орта мектеп мұғалімінің туберкулездің ашық түріне шалдыққанына қарамастан бірнеше сыныпқа сабақ бергені қоғамдық кеңес отырысында қозғалды.