Жастарға арналған жеңілдетілген кредиттер несие бизнесті бастау немесе кеңейту үшін беріледі.
5 жыл мерзімге жылдық мөлшерлемесі 2,5% болатын несиені жастар ала алады. Олардың жасы 21-ден 35-ке дейін, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуы тиіс. Бұдан бөлек, грант беру құралдары жасалмақ. Бұл кредиттерді «Аграрлық кредиттік корпорациясы» арқылы алуға болады.
Несие мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 (жеті) жылғы дейін; басқа бағыттар үшін – 5 (бес) жылға дейін; көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстары үшін – 3 (үш) жылға дейін; айналым қаражатын толтыру үшін (несиенің бір бөлігі) – 2 (екі) жылға дейін беріледі. Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды. Кепілмен қамтамасыз етудің болуы – міндетті шарт.
Сіз аймағыңыздағы @agrocredit_kz филиалдарына немесе 5353 call орталығына хабарласуыңыз керек!