Партияның республикалық, қалалық бақылау комиссиясының жанынан құрылған жұмысшы топ бүгін Қаратау ауданына қарасты құрылыс нысандарына барып, жұмыс барысымен танысты.
Партияның сайлауалды бағдарламасына еніп, бой көтеріп жатқан нысанның бірі-Шымкент сити шағынауданында орналасқан Конгресс-холл. 5 блоктан тұратын 3 қабатты ғимаратта 2066 орындық көрермен залы, 190 орындық конференц-зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық баспасөз орталығы, 148 орындық асхана қарастырылған екен.
Мердігерлердің айтуынша, заманауи талапқа сай салынып жатқан Конгресс-холл жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Аймақ қоршалып, қауіпсіздік жұмыстары сақталған. Партиялық бақылау бекеті орнатылған.
Айта кетейік, Шымкентте 28 нысан құрылысы партиялық бақылауда. Оның 8-і аяқталған. «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасында айтылғандай, азаматтардың мәдени әлеуеті мен қажеттіліктерін іске асыру үшін жаңа мәдени нысандардың инфрақұрылымын құруға және дамытуға ықпал етіп, нысандарға партиялық бақылау жүргізілуде.