ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ

Шымкентте құрылыс жұмыстары қайнап жатыр. Қазіргі таңда мегаполисте екі Оқушылар сарайы, шығармашылық орталық, алты Өнер мектебі, Конгресс –Холл, мектептер салынуда. Мұның барлығы дерлік партия бақылауында. Сайлауалды бағдарламаға енген барлық нысанға партиялық бекеттер орнатылып, құрылыстың уақытылы әрі сапалы орындалуы партиялықтар назарында. «AMANAT» партиясы жаңа мәдени нысандардың инфрақұрылымын құруға және дамытуға ықпал етуде.

Мәселен, бүгін қалалық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Нұрсәт» ықшамауданында салынып жатқан оқушылар сарайының құрылыс жұмыстарын тексерді.

Нысанның құрылысы 2021 жылдың аяғында басталған, бүгінгі күні аяқталып отыр. Яғни, маусымда пайдалануға берілмек.
Сарай сыйымдылығы 500 оқушыға лайықталған. 3 қабатты, 3 блоктан тұрады. Атап айтқанда, ғылыми-техникалық, спорттық сауықтыру бағыты, үлкен және кіші бассейндері бар.
Тәулігіне 4 ауысымда жұмыс істеп, 7-18 жас аралығындағы 2000 бала түрлі үйірмеге қатыса алады деп жоспарланған. Қосымша 81 көлікке арналған көлік тұрағы мен 35 адамдық асханасы да бар.

Мыңдаған баланың тегін қосымша біліммен қамтылуына сеп болатын, олардың сабақтан тыс уақытта әр түрлі үйірмелерге баруына, балалар тұлғасының шығармашылық, спорттық, ғылыми, мәдени әлеуетін дамытуға арналған ғимараттың құрылыс жұмыстарын Партиялық бақылау комиссия төрағасы Ғани Ташқараев бастаған партия мүшелері мен БАҚ өкілдері шолып шығып, нысан құрылысының сапасын зерделеп шықты.

Айта кетейік, партияның қалалық филиалы жанынан құрылған аталмыш комиссия өткен апта үш ауысымда білім беретін №65, №8, №45 мектептердің қосымша құрылыс жұмыстарын зерделеп қайтқан болатын. Үш ауысымды мектеп мәселесі биыл толық шешімін табатын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*