Көптен күткен жазғы демалыс та жақындап қалды. Балалар табиғатта, соның ішінде су қоймаларында көп уақыт өткізіп, шомылу маусымы да басталып қалады.
Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері және жастар судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және қала тұрғындарын, оның ішінде балаларды акваторияда қауіпсіз демалуға дайындау мақсатында профилактикалық рейдтер жүргізеді.
Қарасу өзенінің бойындағы бірлескен рейд кезінде «Жастар Рухы» Жастар қанатының жастары ТЖ қызметкерлері суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін еске салып, тыйым салатын тақтайшалар орнатты.
Ең алдымен, ТЖ департаментінің қызметкерлері ата-аналардың назарын шомылу кезінде баланың қауіпсіздігі оларға байланысты екендігіне аударды.
Балалар тек ата-аналарының бақылауымен шомылуы керек. Тіпті балалар судың жанында ойнаса да, олар әрқашан көз алдында болуы керек. Өкінішке орай, ата – аналар екі минутқа назары басқаға аударылып, баламен бақытсыздық болған жағдайлар өте көп.
Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары баланың судағы жүрс-тұрыс ережелерін бірнеше рет айтуы керек екенін еске салады:
— сіз тек арнайы белгіленген жерлерде шомыла аласыз;
— жүзу орындарын қоршау белгілерінен асып жүзуге болмайды;
— судағы қауіпсіздік шараларын бұзуға жол бермеу керек;
— үрлемелі матрацтарда, камераларда жүзбеңіз;
— температурасы плюс 18 градустан төмен суда жүзуге болмайды.
Бұл ережелерді жақсы есте қалу және үнемі сақтау үшін мамандар су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелері мен шұғыл қызметтердің телефон нөмірлері бар түрлі түсті жадынамалар табыс етті.
Төтенше жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.