АСТАНАДА ДЕПУТАТТАР ФОРУМЫ ӨТУДЕ

Бүгін Астанада «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының республикалық форумы өтті.
Іс-шара жұмысына еліміздің барлық өңірінен 2000-нан астам мәслихат депутаттары, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, партияның Саяси кеңесінің мүшелері, ҮЕҰ өкілдері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері және т.б. қатысты.

Форум барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын жүзеге асыру аясындағы өңірлік дамудың өзекті мәселелері және мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту мәселелері талқыланды.

Басты мақсат – Мемлекет басшысының саяси реформаларының нәтижесі ретінде депутаттар мен мәслихаттар жұмысындағы өзгерістерді ілгерілету. Форумның негізгі міндеті – аманаттық депутаттардың оң имиджін қалыптастыру, қоғамның партияға, депутаттарға, мәслихаттарға деген сенімін арттыру, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен орталық мемлекеттік органдар басшыларының тікелей диалогын құру. Сонымен қатар, міндеттер:
• партиядағы ішкі өзгерістерді бекіту;
• партияішілік бірлікті нығайту;
• жаңа саяси жағдайда депутаттық қызметтің маңызын арттыру;
• барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен орталық мемлекеттік органдар басшылары арасында тікелей диалог орнату;
• мәслихаттардағы депутаттар мен фракциялар тиімді жұмыс істеуі үшін олардың арасындағы өзара қарым-қатынасты күшейту, дағды мен тәжірибе алмасу;

Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның арқасында 2021 жылғы маусымда мәслихат депутаттарының өкілеттіктері едәуір кеңейді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*