Шымкент қаласы «САМАЛ-3» шағынауданындағы көшелер толығымен залалсыздандырылып жатыр. Шымкент қаласының төрт ауданында дезинфекциялау жұмыстары кең көлемде жүргізілуде. Күнделікті залалыздандыру жұмыстары Абай ауданына қарасты «Самал-3» шағынауданындағы көшелерде атқарылды. Бүгінде қала аумағындағы адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар, базарлар мен аялдамаларға толық дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тұрғындарға сақтық шараларын сақтану керектігі ескертіліп, аса қажеттілік болмаса үйде отыруға кеңес берілуде. Айта кетейік, қала ...
Читать далее »Архив меток: коронавирус
ТӘУЛІГІНЕ ҮШ МЫҢ ҚОҢЫРАУ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Шымкентте тәулігіне үш мың қоңырау абылдауға дайын «IKOMEK» орталығы ашылды. Қалада тұрғындардың сауалдарына жауап беретін жаңа орталық жұмысын бастады. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кез келген сауалдарыңызға осы 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы жауап ала аласыздар. Орталық тәулігіне 3000 қоңырау қабылдауға қауқарлы. Қажет болған жағдайда 5000 азаматқа дейін қызмет көрсете алады. Ол үшін 26 қызметкер тәулік бойына жұмыс жасауда. iKomek орталығы ...
Читать далее »ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ДӘРІГЕРІ ҚАЗНЕТТЕ ТАРАҒАН БЕЙНЕРОЛИК БОЙЫНША ТҮСІНДІРДІ
Казнетте таралған Шымкент қаласындағы инфекциялық аурухана маңында болған жағдай бойынша жедел жәрдем дәрігері ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте түсініктеме берді. Бейнеролик иесі Арман Хамзин медициналық маман болғандықтан, науқастардың жағдайы үшін алаңдап, осы бейнероликті түсіргенін жеткізді. – Өздеріңізге мәлім, үш айдан бері алғы шепте жұмыс істеп келеміз. Бұл – өте ауыр. Науқастарды көргенде, тіпті психоэмоциялық жағдайлар болады. Осы орайда өз денсаулығымыз бен ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рустам Албаев, қалалық Жедел жәрдем көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспанова және жедел жәрдем дәрігері Арман Хамзин қатысты. Брифингте ең алғаш сөз алған қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы қаладағы эпидемиологиялық жағдай және оны қалыпқа келтіру барысындағы жұмыстар жөнінде айтты. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАРЛАР ДЕМАЛЫССЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Пневмония және ЖРВИ дертіне шалдыққан науқастар енді емханаларда да ем қабылдай алады. Бұл үшін мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарда күндізгі стационардың төсек қоры кеңейтілді. Бүгінгі таңда халық денсаулығын нығайту мақсатында қала әкімінің тапсырмасымен Шымкент қаласы бойынша пневмония және ЖРВИ дертіне шалдыққан науқастарды емдеу үшін 14 мемлекеттік емханада және 26 жекеменшік медицина орталығында 623 төсек-орын дайындалды. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың нақты ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ
Қала әкімдігінің және тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменті өкілдерінен құрылған топ дәріханалардың дәрілік препараттармен қамтамасыз етуіне, сондай-ақ осы дәрілік заттардың шекті бөлшек бағаларын сақтау бойынша мониторинг жүргізіп жатыр. Шаһарда инфекциялық аурулардың көбеюіне байланысты халыққа дәрі-дәрмек қаншалықты қолжетімді болып жатқандығы жөнінде қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқынбаева баяндады. «Бүгінде ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 200 ОРЫНДЫҚ ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАР АШЫЛДЫ
Инфекциялық дерттің өршуіне байланысты Шымкент қаласында қосымша 200 орынға арналған провизорлық стационар ашылды. Мұнда ЖРВИ және пневмониямен күдікті науқастар ем қабылдайды. Стационар ашылған алғашқы күннің өзінде жедел жәрдеммен жеткізілген 20 науқас жатқызылды. Шымкент қаласының баспасөз қызметінің хабарлауынша, провизорлық орталыққа медициналық ұйымдардан арнайы мамандар шақыртылған. Сондай-ақ, өкпесі зақымданған азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту үшін оттегі балондарын қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Айта кетейік, қалада ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ БЕС ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен денсаулық сақтау жүйесін дамыту перспективалары бойынша жиын болып өтті. Онда қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р.Албаев 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту жоспарын ұсынды. Бес жылдық даму жоспары негізгі 4 бағыт бойынша жүргізіледі. Олар: медициналық көмек көрсетуді жетілдіру, кадрлық ресурстарды дамыту, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін жетілдіру және денсаулық сақтау ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту. «Нәтижесінде: ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛМЕК
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр қаламыздағы инфекциялық аурулардың таралуы жөнінде БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берді. Сұхбат барысында, ең алдымен, Ербол Әбілхайырұлы қаламыздағы эпидемиологиялық жағдайды жеткізді. – Қазір Шымкент қаласында тек қана коронавирус емес, ЖРВИ (жедел респираторлы вирустық инфекция) мен пневмония өршіп тұр. Осы бойынша біз күнделікті нақты жоспарлы жұмыстарды жасап жатырмыз. Ал пандемиямен аурушылар ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ
Шымкент қаласында коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен 10 адам «Халық алғысы» медаліне лайық деп танылды. Ондықтың қатарында полицейлер мен дәрігерлер, кәсіпкерлер мен еріктілер бар. Оларды бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде өткен «BIZ BIRGEMIZ» онлайн-форумы аясында қала басшысы Мұрат Әйтенов марапаттады. Онлайн-форум барысында қатысушылар Президенттің бейнеүндеуін тыңдады. Одан кейін еліміздегі пандемиямен күрес тарихы туралы қысқаша бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар жиында қоғамның ...
Читать далее »