Архив меток: коронавирус

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 206-ҒА ЖЕТТІ

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам туралы ақпарат (02.05.2020 жылғы сағат 14:00- дегі мәлімет бойынша) Вирус жұқтырған 1989 және 1971 жылы туылған азаматшалар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, ...

Читать далее »

КАРАНТИНДЕ ЖАТҚАН ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында шетелдік студенттерге азық-түлік таратылды. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай Ізгілік елшісі жобасы аясында, Шымкент қаласы Абай аудандық соты мен Шымкентте қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің демеушілігімен, «Жастар қуаты» еріктілер тобы мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бірлесе «Біргеміз» акциясы аясында шетелдік студенттерге азық-түлік таратты. Төтенше жағдайға байланысты ақылы түрде ...

Читать далее »

КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ

Шаһарда бүгіннен бастап кейбір кәсіпкерлік нысандарын қалпына келтірудің екінші кезеңіне тіркеу басталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов баспасөз-брифингінде мәлімдеді. — Қаламызда бүгіннен бастап, бірінші кезеңде бірқатар нысандар қызметін қайта бастап, қалыпты жұмыс режиміне өтті. Атап айтсақ, химиялық тазалау, кір жуу, кілем тазарту, тұрмыстық, медициналық және өндірістік жабдықтарды жөндеу орталықтары, тұрмыстық және кеңсе жабдықтарын сататын дүкендер, автожуу, май ...

Читать далее »

КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ

Шымкент қаласында 1 мамырдан бастап кейбір кәсіпкерлік нысандарының қалпына келтірудің бірінші кезеңі басталды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 сәуірдегі мәлімдемесіне орай өткен брифингте айтылды. Брифинг барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қалада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң түрде сақтай отырып, бірінші және екінші кезеңде қайта жұмысын бастайтын нысандар туралы жан-жақты ақпарат берді. — Қаламызда бүгіннен бастап, бірінші ...

Читать далее »

ЖАРТЫ МИЛЛИОННАН АСТАМ АДАМ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУҒА ӨТІНІМ БЕРГЕН

2020 жылғы 1 мамырдағы мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлем алу үшін арнайы портал,сайттарында 534 493 адамнан өтінім түскен. Оның ішінде 277 555 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 253 216 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 277 555 азаматтың ішінде 264 773 өтініштер бойынша, ал, 12 782-іне проактивті (атаулы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 8 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Вирус жұқтырғандар 2016, 1997, 1989, 1984, 1972, 1990, 1964, 1996 жылғы туылған қала тұрғындары. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ ЕКІ НАУҚАС КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Шымкентте тағы екі науқас коронавирустан жазылып шықты. Сауығып шыққандар 1973 және 1970 жылғы қала тұрғындары. Дертінен сауыққан азаматшалар 11 сәуір күні жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуымен түскен. Инфекция жұқтырған қос науқаста вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ем-дом кезінде асқынулар болған жоқ, дейді мамандар. Емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 30 сәуір ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕРІНДЕ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласының барлық аумағында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қаламызда бұл бағыттағы іс-шаралар карантин аяқталғанша жүйелі жалғасады. Бүгінгі таңда, қаланың 2 967 көшесіне гипохлорит кальций қоспасын қолдану арқылы арнайы 40 техника көмегімен күнделікті залалсыздандыру жұмыстары атқарылуда. Бұл ретте, шаһардағы қоғамдық орындар, ірі сауда орындарының іргелес жатқан аумақтары, саябақтар, гүлзарлар, аялдамалар, аяқжолдар мен қоқыс жәшіктері арнайы техника және құрал-жабдықтар көмегімен дезинфекциялануда. Қаланың ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕГІ БЛОК-БЕКЕТТЕР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Төтенше жағдай режимін сақтауға Шымкент қаласы Полиция департаментінің 1206 қызметкері және 120 арнайы автокөлік құралдары жұмылдырылған. Жалпы Шымкент қаласының кіреберістерінде 18 блок-бекет, қаланың көше қиылыстарында жалпы 20 бекет жұмыс істеп тұр. Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, осы күнге дейін блок-бекеттерден жалпы 86 772 автокөлік (63 330 азамат) тексерілген. Оның ішінде қаладан шыққан 17 154 автокөлік (22 971 азамат), қалаға кірген ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ ЕКІ НАУҚАС КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Сауығып шыққан азаматша 1960 жылғы қала тұрғыны. Науқастан дәрігерлер 12 сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтаған. Екі аптаға жуық медициналық бақылауда болған науқастың жағдайы жақсы, дейді мамандар. Сондай-ақ дертінен сауыққан тағы бір азаматша 1965 жылғы қала тұрғыны. Бұл науқастан дәрігерлер 7 сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтаған. Екі науқаста вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Емдеу терапиясынан кейін науқастардан ...

Читать далее »