Архив меток: коронавирус

КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМ БОЙЫНША 7 255 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІМІ МАҚҰЛДАНҒАН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын. Осыған орай, бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен онлайн брифингте Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов тұрғындарға берілетін өтемақыға қатысты жан-жақты ақпарат берді. — Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН БІР НАУҚАС ИНТЕНСИВТІ ТЕРАПИЯДАН ПАЛАТАҒА АУЫСТЫ

Шымкент қаласында жұқпалы аурулар ауруханасындағы жан-сақтау бөлімінде жатқан COVID-19 бар науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды. Коронавирус инфекциясына шалдыққан 1984 жылғы азаматтың денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған еді. Екі күн жасанды демалу аппаратымен демалған науқастың жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды. Дәрігерлер науқастың енді қарқынды терапияны қажет етпейтіндігін алға тартты. ⠀ Айта кетейік, елімізде барлығы 43 пациент реанимациядан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 266 814 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

2020 жылғы 28 сәуір, сағат 9-дағы мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 493 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 266 814 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 263 166 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 266 814 азаматтың ішінде 254 032 өтініштер бойынша, ал, 12 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІКТЕР 1 МАМЫРДАН БАСТАП САЯЖАЙҒА БАРА АЛАДЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті. — Шымкенттіктер қала аумағындағы саяжайларына күн сайын таңғы сағат 6-00-ден кешкі 21:00-ге дейін бара алады. Бірақ азаматтардың атына тіркелген саяжай учаскесінің бар екенін растайтын құжаты болуы тиіс. Бұл ретте саяжайлар кіру блокпостарының ведомствосына кіретін аумақта болуы қажет. Егер саяжай қала аумағынан тыс болса, онда кіруге рұқсат ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР АЛТЫ АДАМДЫ КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕДІ

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 27 сәуір күні қалада коронавирус инфекциясынан тағы алты адам емделіп шықты. 1962 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны 5 сәуір күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирус инфекциясымен жатқызылған. Науқастан «COVID-19»-ға алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен. Қалған бес ем алушының барлығы 11 мен 58 жас аралығындағы қала тұрғындары. Алты азамат та вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық ...

Читать далее »

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ

Короновирус инфекциясының таралуына байланысты орын алған алған пандемия әлем экономикасына ауыр соққы болды. Әсіресе, Қазақстан сияқты дамушы елдер үшін бұл дағдарыс қиын болып тұр. Өйткені, індетпен бірге мұнай бағасының құлдырауы өндіріс көлемінің құлдырауына, сәйкесінше бюджетке түсімдердің азаюына және жұмыс орындарының қысқаруына әкеп соқтырады. Сондай-ақ, карантин режимі шағын және орта бизнеске үлкен қиындықтар туындатуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі ...

Читать далее »

СЕНІМ БАР ЖЕРДЕ, ҚОЛДАУ БАР ЖЕРДЕ ҚИЫНДЫҚТЫ ЖЕҢІП ШЫҒАМЫЗ

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі халыққа арнаған Үндеуін оқи отырып, Мемлекет басшысының төтенше жағдай мерзімін ұзартуда дұрыс шешімге келгенін байқадым. Қазіргі кезде коронавирустың екпіні әлі тоқтамай отырғаны бәрімізге белгілі. Егер дер кезінде дұрыс шешім қабылданбаса, осынша уақыт атқарған жұмыс зая кетер еді. Ел Президентінің сөзінше қазіргі уақытта ең бірінші адам өмірі мен қауіпсіздігі басты назарда. Қауіпті вирус басталған шақта дер ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 4 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

27.04.2020 жылғы сағат 14:00-дағы мәлімет бойынша Вирус жұқтырған 1991, 1987, 1978, 1973 жылы туған азаматшалар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Құрметті отандастар! Баршаңызға белгілі, Қазақстан халқы 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режиміне көшті. Әрине, бұл кезең жұртшылыққа оңай тимегені анық. Кейбір азаматтар жұмысын жоғалтып, табыссыз қалды. Ойға алған жоспарларын өзгертуге мәжбүр болғандар да бар. Адами тұрғыдан мен мұны түсінемін. Қауіпті вирус Қазақстанда кең жайылып кетпеуі үшін осындай күрделі, бірақ аса қажет шешім қабылдадым. Соның арқасында індет жаппай таралған жоқ. Дүниежүзілік ...

Читать далее »

БІРЛІГІ БЕКЕМ, ЕЛІН СҮЙЕТІН ОТАНШЫЛ ХАЛЫҚ ЕКЕНІМІЗДІ КӨРСЕТТІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бүгін жасаған мәлімдемесінде карантин мерзімі 11 мамырға дейін созылатыны белгілі болды. Президентіміз қауіпті вирус Қазақстанда кең жайылып кетпеуі үшін осындай күрделі, бірақ аса қажет шешім қабылдады. Кейбір аймақтарда індет шарықтау шегінен өткен сияқты. Бірақ бірқатар өңірде вирустың таралу қаупі әлі де сейілмей отыр. «Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды» деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Бұл сөздің артында үлкен қамқорлық жатыр. Елімізде ...

Читать далее »