Архив меток: карантин

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАС ВАРШАВАДАН ҰШЫП КЕЛГЕН

Шымкент қаласында 14 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 1 жағдай тіркелді. Науқас 2000 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны. Ол 13 сәуір күні «Варшава-Актобе-Шымкент» әуе рейсімен Шымкент қаласына ұшып келген. Науқас бірден әуежайдан оқшауланып, каратинге станционарға жатқызылған. 14 сәуір күні науқастан алынған сынама оң нәтиже көрсеткен. Науқаспен бір рейсте ұшып келген Шымкент қаласының 9 жолаушысы және 2 бортсерік оқшауланып, медициналық бақылауға ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ІНДЕТТЕН ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ КӨЗ ЖҰМДЫ

Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды. Ол 1962 жылы туылған Түркістан облысы Қазғұрт ауданы Рабат ауылының тұрғыны. Науқас 11 сәуір күні Шымкент қаласының жұқпалы ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі транзитпен «Қарағанды-Новосбір», бағыты бойынша жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. 58 жасар азамат инфекциялық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған. Ол денсаулығының нашарлауына байланысты реанимациялық бөлімнің ИВЛ ...

Читать далее »

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМГЕ ТҮСКІҢІЗ КЕЛМЕСЕ, ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ

«Жедел жәрдемге түскіңіз келмесе, үйде болыңыз!». Осындай атаумен Шымкент қаласының жедел жәрдем станциясының дәрігерлері қала тұрғындары үшін арнайы акция өткізді. Шара барысында сары түске боялған жедел жәрдем көліктері қаланың орталық көшелері арқылы дабыл қағып жүріп өтті. Осы акция арқылы жедел жәрдем мамандары қала тұрғындарын сақтық шараларын назарда ұстап, үйде болуға шақырды. Жедел жәрдем көліктері Қонаев және Бәйдібек би даңғылы, “Нұрсәт» ...

Читать далее »

МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ ҚОНАҚҮЙГЕ ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

Шымкентте тәулік бойы жұмыс істеп жүрген медицина мамандарына қонақүйден орын берілді. Бұл — қауіпті ошақта жұмыс істейтін ақ халатты абзал жандардың отбасын сақтау мақсатында және қауіпсіздік жұмыстарын күшейту үшін қолға алынған қадамдар. Жалпы қонақүйде коронавируспен күресіп жатқан 100-ден астам қызметкерге орын дайындалған. Мұнда медицина қызметкерлерінің тынығып, демалуына бар жағдай жасалған. Күнделікті үш мезгіл тамағы беріліп, бөлмелері залалсыздандырылып тұрады. Айта кетейік, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА АУМАҒЫНДА ЖАУЫН-ШАШЫННЫҢ САЛДАРЫ ЖОЙЫЛДЫ

Шымкентте екі күн қатарынан толассыз жауған жауын суы бірқатар аулаларға кірген. Сәуірдің 12-13 күндері төтенше жағдайлар қызметіне Қаратау және Абай аудандарының аумағынан өрт сөндіру және құтқару бөлімшелеріна екі рет шақырту келіп түскен. Құтқарушылар мекенжай бойынша барып, көше бойындағы бірқатар үйлердің аулаларын жауын суынан тазалау жұмыстарын атқарды. Жалпы бұл жұмыстарға департаменттің 20-ға жуық жеке құрамы және 4 техникасы жұмылдырылды, 200-ден аса ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Коронавирус індетінің кең таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласында барлық сақтық шаралары жасалуда. Азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау үшін 2020 жылғы 4 сәуірден бастап қала аумағында карантин режимі енгізілгені белгілі. Бұл ретте қала тұрғындары карантин талаптарын бұлжытпай орындауы өте маңызды. Қазіргі таңда Шымкент қаласының кіреберістерінде 18 блок-бекет жұмыс істеуде, шаһарда залалсыздандыру шаралары күшейтілуде. Сондай-ақ медицина мамандары төтенше жағдайға байланысты ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «СӘУЛЕ», «ЗАБАДАМ», «ХИМФАРМ» ШАҒЫНАУДАНДАРЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛУДА

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан «Сәуле», «Забадам», «Химфарм» шағынаудандарында дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Залалсыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар атқаруда. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасады. Сондай-ақ, аудан аумағында орналасқан екінші дережелі банк бөлімшелері мен банкоматтардың жанында тұрғындардың сақтық шараларын сақтау мақсатында дезинфекция жұмыстары жүргізілген. Бұл тұрғындардың ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ НАУҚАС КОРОНАВИРУСТАН АЙЫҚТЫ

Шымкентте коронавирус жұқтырған екі науқас ауруханадан жазылып шықты. Дертінен айыққандар — анасы мен баласы. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр баспасөз брифингінде мәлімдеді. 2020 жылдың 11 сәуір күнгі жағдай бойынша Шымкент қаласында коронавирустық инфекцияның 33 жағдайы тіркелген. Қуаныштысы сол, «Тәуелсіздікке — 20 жыл» бірінші ошағынан осы 2 отбасы мүшелерінде зертхананың сынамалар теріс болып, олар үйге шығарылды. Дәрігерлер пациенттердің ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСҚА БАЙЛАНЫСТЫ 16 АУМАҚ ОҚШАУЛАНДЫ

Коронавирус инфекциясының кең таралмауына және қауіпті індеттің алдын алу мақсатында Шымкент қаласында 16 аумақ оқшауланды. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Полиция департаментінің мәліметінше, оқшауланған аумақтарда 163 полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Медицина мамандары да тәулік бойы қызмет атқаруда. Ошақтарда науқастардың тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жүргізіліп, үздіксіз эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілуде. Оқшауланған мекенжайларға тоқталсақ, олар: 1.Жұқпалы аурулар ауруханасы; ...

Читать далее »

Төтенше жағдай режимі сәуір айының соңына дейін созылды

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Оған облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары бейнебайланыс режимі арқылы қатысты. «15 сәуірде төтенше жағдай режимі туралы Жарлығымның мерзімі аяқталады. Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр. Біз коронавируспен ...

Читать далее »