Архив меток: Шымкент денсаулық сақтау басқармасы

ШЫМКЕНТТЕ ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛДЫ

Биыл шымкенттіктерді тұмауға қарсы вакцинациялау үшін 128 963 доза вакцина сатып алынды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше қосымша 109 432 дозаға өтініш берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп екенін айтуда. Тұмауға қарсы вакцинация жергілікті мекенжайы бойынша тіркелген алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында жүргізіледі. •Вакцинация созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балалар; • медициналық қызметкерлер; •жүкті әйелдер (жүктіліктің 2-3 триместрі); ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Ғалымжан Әбішев мәлімдеді. – Елімізде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымының (МСАК) жыл сайынғы еркін таңдау бойынша тіркеу кампаниясы басталуда. Оған тұрғындар екі ай ішінде (15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін) тіркеле алады. Дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылауы үшін емхананы тұрғылықты жеріне жақын жерде таңдау ұсынылуда. Яғни, емхана ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ТОЛЫҒЫМЕН ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШТІ

Шымкент қаласындағы жедел жәрдем қызметі елімізде алғашқылардың бірі болып толықтай цифрлық жүйеге көшкен болатын. Жедел жәрдем қызметіндегі қағазбастылықты жою мақсатында мамандардың барлығы смартфонмен қамтылған. Ондағы бригаданы шақырту картасы, учаскелік дәрігердің дабыл қағазы және жедел медициналық жәрдем станциясының ілеспе парағы смартфонға енгізіледі. Осы арқылы қызметкерлер орталық станцияға келмей-ақ, қолындағы смартфон арқылы тікелей шақыртуға бара алады. Бұл өз кезегінде мамандардың уақытын үнемдеуге ...

Читать далее »

МОБИЛЬДІ ТОПТАР 23 МЫҢНАН АСТАМ НАУҚАСҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Шымкент қаласындағы емханалар жанынан құралған мобильді топтар 60 мың науқасты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. Медицина мамандары дәрілік заттарды диспансерлік есепте тұратын науқастардың үйіне жеткізіп беруде. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов баяндады. «Бүгінде 211 мобильді топ тәулік бойы шақыртуларға шығуда. Қазіргі таңға дейін 23 мыңнан аса науқастың үйіне барып, медициналық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТКЕ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ МЕН СЕНАТОРЛАР КЕЛДІ

Бүгін Шымкент қаласына іссапармен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният және ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова келді. Қонақтар қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесіп, қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайында сөйлесті. Сондай-ақ, олар Шымкент қаласы әкімдігінде Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен құрылған коронавирусқа қарсы күрес бойынша арнайы ситиуациялық штабтың жұмысымен танысты. Қала басшысы онда жұқпалы дертпен күресте әкімдік тарапынан атқарған жұмыстар ...

Читать далее »

ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ ЖАҢА АППАРАТПЕН ТОЛЫҚТЫ

Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасы жаңа аппаратпен толықты. Емдеу мекемесіне “Sauap” белсенділер тобының атынан оттегі концентраты және пульсоксиметр құрылғысы берілді. Науқастарды емдеуде мүмкіндігі зор бұл құрылғы жұмысты жеңілдетеді дейді мамандар. Ал қала әкімі Мұрат Әйтенов өз кезегінде жомарттық танытқан белсенділер тобына алғыс айтты. Ауруханаға жеткізілген жабдықтар пандемия аяқталғаннан кейін де кәдеге жарайды. Мамандар бұл аппараттарды жай-күйі ауыр пациенттерді емдеудің барлық кезеңінде ...

Читать далее »

ЕМДЕУ ОРЫНДАРЫНДА ЕМ АЛУШЫЛАР 77%-ҒА АЗАЙДЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мәлімдеді. – Қазіргі таңда қалада эпидемиологиялық жағдай қалыпқа түсе бастады. Мәселен, кеше бір күнде 437 науқас коронавирустан жазылды. Ал жедел жәрдем қызметін шақырту өткен айларда 2320-ға дейін жетсе, бүгінде ол 1200 шақырылымға азайды. Бұл – былтырғы жылмен салыстырғанда 100 шақырту ғана көп деген сөз. Қосымша айта кетсем, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 3357 НАУҚАС КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференциясында қаладағы эпидемиялық жағдай бойынша Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а Тимирхан Варзилов мәлімдеді. Оның айтуынша өткен тәулікте 43 науқас дертінен айыққан. «5 тамыздағы эпидахуал бойынша — 5025 covid-19 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 2572 симптомдық, 2453 симптомсыз. Өткен тәулікте вирус жұқтырғандар – 14. Қазіргі таңда індеттен емделіп шыққан науқастардың саны – 3357. 1629 науқас ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 3 МЫҢНАН АСТАМ НАУҚАС КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзилов мәлімдеді. Оның айтуынша, дертінен сауыққандардың басым бөлігі егде жастағы азаматтар. «Шымкент қаласында 2020 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустың 4839 жағдайы тіркелді. Оның 2364-і симптомсыз болып анықталған. Бүгінде инфекциядан жазылып шыққан науқастардың саны 3006-ға жетіп отыр. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға ...

Читать далее »

90 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕЙ ПНЕВМОНИЯДАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Қария кісі өкпесінің екі жақты пневманиясымен жансақтау бөлімінде емделген болатын. 90 жастағы қала тұрғыны ауыр халде кардиологиялық орталыққа жедел жәрдеммен жеткізілген. Науқасты тексерген мамандар оның өкпесінің зақымданғанын анықтап, екі жақты пневмония диагнозын қойған. Денсаулық жағдайының ауырлауына байланысты дәрігерлер әжейді бірден жансақтау бөліміне жатқызған. Мұнда науқасқа емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетіледі. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мамандарының мәліметінше, жасалынған ем-домның ...

Читать далее »