Архив меток: инфекция

ШЫМКЕНТТЕ ІНДЕТТЕН ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ КӨЗ ЖҰМДЫ

Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды. Ол 1962 жылы туылған Түркістан облысы Қазғұрт ауданы Рабат ауылының тұрғыны. Науқас 11 сәуір күні Шымкент қаласының жұқпалы ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі транзитпен «Қарағанды-Новосбір», бағыты бойынша жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. 58 жасар азамат инфекциялық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған. Ол денсаулығының нашарлауына байланысты реанимациялық бөлімнің ИВЛ ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 76 МЫҢНАН АСТАМ АДАМҒА ТЕГІН БЕТПЕРДЕ ТАРАТЫЛДЫ

Шымкентте коронавирус індетінің алдын алу мақсатында әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтарға жалпы саны 76 255 бетперде тегін таратылды. Мәселен, «Бекжан» базары маңындағы «Магнум» ірі сауда дүкендер желісінде Абай ауданы әкімдігі аталмыш супермаркеттен ай сайын азық-түлік есебінде атаулы әлеуметтік көмек алатын 3 мыңдай отбасыға 32 мың дана бетпердені тегін таратты. Бұл акция тікелей мемлекеттік бюджет қаражатына ұйымдастырылды. Аталған акция алдағы уақытта ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ COVID-19 ВИРУСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАРҒА ГОСПИТАЛЬ САЛЫНУДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһарда салынып жатқан 200 орындық аурухана құрылысымен танысты. Төтенше жағдай кезінде науқастарды қабылдайтын госпиталь тез құрастырылатын материалдардан Ақжайық шағынауданында тұрғызылады. Оған қажетті құрылыс заттары толықтай отандық. 400-ге жуық жұмысшы жергілікті жерден тартылған. Қала әкімі карантин кезінде жұмысшыларды арнайы автобуспен тасымалдау, қауіпсіздік шараларын сақтау және ауыр жүк көліктерінің тәулік бойы құрылыс заттарын тоқтаусыз жеткізу мәселесінде ...

Читать далее »

БЛОК-БЕКЕТТЕРДЕ РҰҚСАТЫ ЖОҚ 6 МЫҢНАН АСТАМ АВТОКӨЛІК КЕРІ ҚАЙТАРЫЛҒАН

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Шымкент қаласында короновирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында сақтық шаралары күшейтілуде. Осыған орай қалада 18 блок-бекет жұмыс істеп тұр. Олардың әрқайсысы бейнебақылау камералары және дрондармен қамтылған. Блок-бекеттерден соңғы 3 күн ішінде шыққан автокөлік саны 929 (1869 азамат), кірген 742 (1360 азамат), транзит 1548 (2754 азамат) тексеріліп өткізілген, рұқсаты жоқ 6090 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ГОСПИТАЛЬ САЛЫНБАҚ

Шымкентте 1456 төсек орынға арналған карантиндік стационарлар қарастырылған. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова мәлімдеді. Қазіргі таңда Шымкент қаласына кіретін жолдарға 18 блок-бекет қойылған. Онда 18 жедел медициналық жәрдем бригадасы, бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарынан 45 орта медициналық қызметкер (фельдшерлер, медбикелер) 3 кезекте жұмыс істеуде. Блок-бекеттердегі медициналық пункттер 52 байланыссыз термометрмен, обаға қарсы 71 костюм ...

Читать далее »

ҚР ПРЕЗИДЕНТ! ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ

ПРЕЗИДЕНТ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ: ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ҮШІН ОСЫНДАЙ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАП ОТЫРМЫЗ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында енгізілген шектеу шараларына түсіністікпен қарауды сұрады. Бұл туралы Мемлекет басшысы халыққа үндеуінде айтты. «Әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде. Дүние жүзін коронавирустың таралуы алаңдатып отыр. Бұл індет күннен күнге ушығып барады. Өкінішке қарай, бұл індет біздің елімізде де тіркелді. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

2020 жылдың 12 наурызындағы жағдай бойынша үшінші мегаполисте коронавирустық инфекция тіркелген жоқ. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Тимур Варзилов мәлімдеді. Спикердің айтуынша, қаладағы эпидемиологиялық жағдай тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, қала әкімдігінің және Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Эпидемияға қарсы үздіксіз іс-шаралар жүргізіліп келеді. – Коронавирустық инфекция тіркелген елдерден ...

Читать далее »