Архив меток: кәсіпкерлік

ШЫМКЕНТ: КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА 5 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты — жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша биыл жалпы 6 819 адамды қамтамасыз ету жоспарланды. Бүгінде нақты 4 816 адамға қолдау көрсетілді. Оның ішінде, 1 850 адамды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту көзделген болатын. 9 айдың нәтижесінде бірінші ағыммен 2 820 адам оқуға жолданып, жоспар артығымен орындалып отыр. Сонымен қатар, 55 адамға шағын ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «СӘТТІ ЖАРНАМА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында «Сәтті жарнама» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты — қала аумағындағы маңдайша және сыртқы көрнекі жарнама мәтіндерін «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жарнама туралы» ҚР Заңдарының талаптарына сәйкес ретке келтіру. Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға аудан әкімдіктерінің, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының, ішкі сауда және мониторингі бөлімі, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ 9 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕ ЕСЕП БЕРДІ

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында кәсіпкерлік саласы қарқынды түрде дамып келеді. Атап айтқанда, биыл аудан аумағында 24 ірі кәсіпкерлік нысаны салынуда. Алғашқы 9 айда 13 нысанның құрылысы аяқталып, іске қосылған. Бұл туралы Шымкент қаласының қала әкімі Мұрат Әйтеновке 9 айда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берген Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов баяндады. Аудан әкімінің айтуынша, кәсіпкерлік нысандарының құрылысы кезінде және олар іске ...

Читать далее »

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Бүгін қала әкімі, Нұр Отан партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселеле рі бойынша кезекті рет онлайн режимде қабылдады. Онлайн-қабылдауға жазылған қала тұрғыны Шыңғыс Түлендибаев ауылшаруашылық техникасына арналған құрал-жабдықтар шығаратын және шойын, қола, жез, алюминий бұйымдарын құю зауытын ашқысы келетінін айтты. -Сіздің жобаңызды «Бизнестің жол картасы — 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асыруға мүмкіндік бар. Қажет болған ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 2000 АДАМ КӘСІПТІК БІЛІМ АЛУДА

Шымкент қаласында кәсіптік оқыту негізінде халықтың еңбекпен қамтылуына мол мүмкіндік туып отыр. Кәсіптік оқыту еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар бойынша кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыруды қамтиды. 2020 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» бірінші бағыты аясында Шымкент қаласының аумағындағы кәсіпорындардан, мекемелерден өтінімдер алынған болатын. Осыған орай еңбек нарығында ...

Читать далее »

BI GOUP ШЫМКЕНТКЕ 135 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА ДАЙЫН

Өткен аптада BI Group компаниясы Шымкентте қаланың солтүстік бөлігінде 500 мың шаршы метр аумақта заманауи әкімшілік-тұрғын үй орамның құрылыс жобасын ұсынды. Бәйдібек би даңғылындағы ипподром орнында пайда болатын болашақ кешен тұжырымдамасының таныстырылымына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, компания басшысы Айдын Рахымбев қатысты. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев осы жобаны іске асырған жағдайда қаланың даму ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚОСЫМША 3 МЫҢ ГРАНТ БӨЛІНДІ

Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға мемлекеттік гранттар бөлінуде. Жыл басында барлығы 1 491 мемлекеттік грант үлестіру жоспарланған болатын. 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 1 420 азаматқа осындай грант берілген. Оның ішінде 901-і аз қамтылған отбасылардың және 90-ы көпбалалы отбасылардың мүшелері, яғни, атаулы әлеуметтік көмек алушылар. Сонымен қатар, осы екі әлеуметтік ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» БОЙЫНША 3500-ДЕН АСТАМ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ

Шымкент қаласының 3549 тұрғыны «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін меңгеру бойынша оқытудан өтті. Оның 2820-на оқуды аяқтағаны туралы сертификат берілсе, 729-на қатысқаны туралы сертификат табысталды. Кәсіпкерлік негіздерін меңгерген түлектер оқу аяқталған соң тест тапсырады. Үш мүмкіндік беріледі. Емтиханнан өтпесе, тек оқуға қатысқаны жөнінде ғана сертификат алады. Егер тестіден жақсы нәтиже көрсетсе, оқуды бітіргені жайлы сертификат алып, грантқа үміткер болады. ...

Читать далее »

«SHYMKENT INVEST» КЕҢСЕСІ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӘСІПКЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарыс кезінде кәсіпкерлік саласына қолдау көрсету тапсырмасы негізінде құрылған «Бизнеске арналған үкімет-Shymkent INVEST» кеңсесі аз уақыт ішінде 2 мыңға жуық кәсіпкерге қызмет көрсеткен. Атап айтқанда, әйелдер және жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы бойынша 1 пайыздық жеңілдетілген несие алу үшін 427 азамат өтініш берген. Нәтижесінде жалпы құны 98 млн. теңгені құрайтын 11 жоба мақұлданған. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН

Шымкент қаласында жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы бойынша 236 жоба нақтыланған. Олардың жүзеге асырылуына 45,3 млрд теңге бөлінген. 8 380 жұмыс орнын ашу жоспарланған болса, соның бүгінде 7 394 орны ашылған. Яғни жоспар 87,7 пайызға орындалған. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов Үкімет отырысында мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 190 жұмыссыз азамат жұмыспен қамтылады. Бүгінгі ...

Читать далее »