Шымкентте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың 85 пайызы емделіп шыққан. Бұл жөнінде бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді. «Бүгінге дейін инфекция жұқтырған 4379 науқас дертінен айықты. Олардың басым бөлігі егде жастағы азаматтар. Қазіргі таңда коронавирус инфекциясына шалдыққан 732 науқас ем алуда. Оның ішінде 18 науқас стационарда емін жалғастыруда» — дейді Т.Варзилов. 24 ...
Читать далее »Архив меток: эпидемия
ШЫМКЕНТТЕ ВИРУС ЖҰҚТЫРУ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕУДЕ
Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал күннен күнге жақсарып келеді. Бүгінде провизорлы стационардағы төсек-орындардың 88 пайызы бос тұр. Яғни, инфекциялық ауруханаларда жүктеме азайды. Ширатып айтсақ, қалада вирус жұқтыру деңгейінің төмендеуіне жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары, оның ішінде шектеу шаралары оң нәтижесін беруде. Сол себепті Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқас тіркелмеді. Дегенмен медицина мамандары әлі де босаңсуға болмайтынындығын, қауіптің әлі ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ COVID-19 ЖҰҚТЫРУ ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛМЕДІ
Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқас тіркелген жоқ. Қаладағы эпидемиологиялық ахуал күннен күнге жақсарып келеді. Бүгінде провизорлық стационардағы төсек-орындардың 88 пайызы бос. Вирус жұқтыру деңгейінің төмендеуіне қалада жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары септігін тигізді. Дегенмен медицина мамандары әлі де босаңсуға болмайтынын ескертеді. Мейлінше сақтық шараларын күшейтіп, карантин талаптарын ұстануға шақырады. Айта кетейік, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз ...
Читать далее »ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРДАҒЫ 80 ПАЙЫЗДАН АСТАМ ТӨСЕК-ОРЫН БОСАДЫ
Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлімдеді. Оның айтуынша, қаладағы эпидемиялогиялық ахуал күннен-күнге жақсарып, жұқпалы ауруға шалдыққан науқастардың саны азаюда. «Шымкент қаласында COVID-19 инфекциясымен күреске медициналық ұйымдарда 26 провизорлық орындар жұмыс істеді. Бүгінгі күні провизорлық орындардың 19 пайызы ғана жұмыс жасап, 81 пайыз төсек-орындар босады» — деп хабарлады Т.Вазилов. Медициналық мекемелер ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 181 АДАМ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ
Дертінен сауығып шыққан науқастардың басым бөлігі амбулаториялық бақылауда болған. Ауруханада жатып ем қабылдаған науқастардың бірі -74 жастағы қала тұрғыны жиырма күннен аса дәрігерлердің бақылауында болған. Дәрігерлер әжейге коронавирус инфекциясынан бөлек «екі жақты пневмония» диагнозын қойған. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, инфекция жұқтырған 74 жастағы Шымкент тұрғыны вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ем-дом кезінде асқынулар болған ...
Читать далее »ҚР ПРЕЗИДЕНТІНЕ ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ЖАЙЫНДА БАЯНДАДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесу барысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын баяндады. Қала әкімі қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, коронавирус індетінің таралуына жол бермеу, сондай-ақ карантин режимін қамтамасыз ету және әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. «Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдей бастады. Өткен тәулікте 54 вирус жұқтырғандар тіркеліп, ...
Читать далее »ВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ ЕКІ ЕСЕГЕ ТӨМЕНДЕДІ
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдей бастады. Өткен тәулікте 54 вирус жұқтырғандар тіркеліп, өсім 1,2 пайызды құраған. Осы айдың басындағы көрсеткіштермен салыстырғанда екі есеге төмендеген. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Үкімет отырысында мәлімдеді. «Бүгінгі күнге Шымкент қаласында COVID-19 вирусын жұқтырған азаматтардың саны 4 708 құраса, оның ішінде 2 938 азамат емделіп шықты. Маусым айының алғашқы бес күнінде ...
Читать далее »КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Бүгін Ақпараттық коммуникациялар орталығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-мойоры Ералы Жұмаханбетовтың қатысуымен карантин кезінде қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша онлайн-брифинг өтті. Департамент басшысының мәлімдеуінше, қала аумағында карантиндік талаптардың сақталуын бақылау мақсатында арнайы мониторингтік топтар жұмыс істеуде. Әрбір топтың құрамына учаскелік полиция инспекторы, аудан әкімдіктерінің, аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, қалалық прокуратураның өкілдері бар. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 11,2 МЛРД ТЕҢГЕ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласының әкімдігі карантиндік шаралардың ұзартылуына байланысты жергілікті бюджетті оңтайландыру нәтижесінде 11,2 млрд. теңге болатын қаржыны үнемдеді. Қала мәслихатының кезектен тыс алпыс сегізінші сессиясында депутаттар бюджеттік бағдарлама әкімшілері ұсынған бюджет қаржысын бірауыздан бекітті. Үнемделген қаражаттың басым бөлігі медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға және азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатынын айтқан қала әкімі Мұрат Әйтенов ұсынысты қабылдағаны үшін халық қалаулыларына алғысын білдірді. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ COVID-19 ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Шымкент қаласында коронавирус туралы нақты ақпарат тарататын арнайы сайт ашылды. Мұнда қала тұрғындары КВИ бойынша жедел статистикамен таныса алады. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т.Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте айтып өтті. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайтта COVID-19, пневмония және ЖРВИ — мен ауыратын науқастар саны, тәулік ішінде ауруханаға түскен және емделіп шыққан науқастар саны туралы ...
Читать далее »