ШЫМКЕНТТЕ COVID-19 ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласында коронавирус туралы нақты ақпарат тарататын арнайы сайт ашылды. Мұнда қала тұрғындары КВИ бойынша жедел статистикамен таныса алады. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т.Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте айтып өтті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайтта COVID-19, пневмония және ЖРВИ — мен ауыратын науқастар саны, тәулік ішінде ауруханаға түскен және емделіп шыққан науқастар саны туралы ақпарат жарияланады.

«Тұрғындар COVID-19 бырыңғай ақпараттық порталына кіріп ауруханаларда және провизорлық орталықтардағы реанимациялық төсек-орындардың науқаспен қамтылу деңгейін көре алады. Интернет ресурста ақпараттар күн сайын жаңартылып отыратын болады. Сонымен қатар онда дәрігерлердің қатысуымен бейне-брифингтер өтіп, аурудың алдын алу, оның белгілері және сақтану ережелері туралы мағлұмат береді. Сондай-ақ сайтқа кіре отырып, медициналық мекемелер мен провизорлық орталықтардың мекен-жайлары мен телефондары туралы ақпаратты табуға болады»,-деді Т.Варзилов.

Сайтқа кіру сілтемесі : http://www.covid19shymkent.kz.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*