Архив меток: covid-19

ШЫМКЕНТТЕ 30 МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ӨТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ

Шымкент қаласында қызмет бабында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 30 дәрігерге екі миллион теңгеден өтемеақы берілді. Бұл жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлім етті. «Жалпы қала бойынша 185 медицина қызметкері короновирус инфекциясын жұқтырған. Олардың қатарында жедел жәрдем медициналық көмек көрсету қызметінің, провизорлық орталықтардың және емханадағы фильтр кабинетінің қызметкерлері бар. Қазіргі таңда 30 қызметкерге МӘМС ...

Читать далее »

ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРДАҒЫ 80 ПАЙЫЗДАН АСТАМ ТӨСЕК-ОРЫН БОСАДЫ

Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлімдеді. Оның айтуынша, қаладағы эпидемиялогиялық ахуал күннен-күнге жақсарып, жұқпалы ауруға шалдыққан науқастардың саны азаюда. «Шымкент қаласында COVID-19 инфекциясымен күреске медициналық ұйымдарда 26 провизорлық орындар жұмыс істеді. Бүгінгі күні провизорлық орындардың 19 пайызы ғана жұмыс жасап, 81 пайыз төсек-орындар босады» — деп хабарлады Т.Вазилов. Медициналық мекемелер ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ COVID-19 ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласында коронавирус туралы нақты ақпарат тарататын арнайы сайт ашылды. Мұнда қала тұрғындары КВИ бойынша жедел статистикамен таныса алады. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т.Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте айтып өтті. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайтта COVID-19, пневмония және ЖРВИ — мен ауыратын науқастар саны, тәулік ішінде ауруханаға түскен және емделіп шыққан науқастар саны туралы ...

Читать далее »

COVID-19. ГОСПИТАЛЬ 1 МАУСЫМДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов мәлімдеді. Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, бүгінгі күнге дейін 2 миллионнан астам көп қолданылатын маскалар, 88 тонна дезинфекциялық заттар, 166 мыңнан астам спрей шығарылды. Медициналық ұйымдар дәрі-дәрмекпен, жеке медициналық қорғау заттармен және тиісті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қалада жұқпалы аурулар ауруханасында коронавируске арналған төсек орындар 300-ден 450-ге ұлғайтылды. Бұдан басқа, 320 төсек орындық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ COVID-19 ВИРУСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАРҒА ГОСПИТАЛЬ САЛЫНУДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһарда салынып жатқан 200 орындық аурухана құрылысымен танысты. Төтенше жағдай кезінде науқастарды қабылдайтын госпиталь тез құрастырылатын материалдардан Ақжайық шағынауданында тұрғызылады. Оған қажетті құрылыс заттары толықтай отандық. 400-ге жуық жұмысшы жергілікті жерден тартылған. Қала әкімі карантин кезінде жұмысшыларды арнайы автобуспен тасымалдау, қауіпсіздік шараларын сақтау және ауыр жүк көліктерінің тәулік бойы құрылыс заттарын тоқтаусыз жеткізу мәселесінде ...

Читать далее »