Архив меток: Шымкент

КӘСІПКЕРЛЕР КОРОНОВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ 100 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛДІ

Шымкент қаласының кәсіпкерлері коронавируспен күрес шараларына өз үлестерін қосып отыр. Жомарт жандар «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік-қайырымдық қорына бүгінге дейін 100 млн теңгеден астам қаржы бөлген. Бұл туралы қор директоры Дәуренбек Құрбаниязов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қаржыға 5 дана өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты алынған. Құралдардың төртеуі жаңа жұқпалы ауруханаға, біреуі кардиологиялық орталыққа орнатылған. Бүгінде осы мақсатқа жұмсалған қаржы көлемі ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН 11 КӨШЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкентте орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген төрт аудандағы 11 ішкі орам көше ел игілігіне берілді. Яғни, ұзындығы 11,15 шақырым жол жөндеуден өтті. Атап айтқанда, Абай ауданындағы Таңқурай, Агропром, Тарактас, Болашак, Ермекбаев пен Сейтов көшелеріне орташа жөндеу жүргізілді. Ал, Еңбекші ауданында Бойт ата, Абрикосовая, Қараменде батыр көшесі жөнделсе, Әл-Фараби ауданында Саттарханов көшесі, Қаратау ауданында Байжігітов көшелерінің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Шымкент қалалықұған ...

Читать далее »

НАУҚАСТАР САНЫНЫҢ АЗАЮЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАР ЖАБЫЛДЫ

Шымкентте медициналық көмекке жүгінетін азаматтар санының азаюына байланысты жеңіл атлетика спорт кешеніндегі 360 орындық күндізгі стационар жабылды. Естеріңізге салсақ, қалада ЖРВИ мен пневмониямен ауырғандар санының күрт өсуіне байланысты қала әкімдігі 15 күн бұрын спорт кешенінен күндізгі стационар ашқан болатын. Стационарда алғашқы бірнеше күнде 500-ден 700-ге дейін тұрғын емделді. Бүгінде қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақтала бастады. Сондықтан соңғы бес күн ішінде стационарға ...

Читать далее »

1430 MEDICAL SERVICE МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласында азаматтарға онлайн түрде медициналық қызмет көрететін 1430 Medical service сервисі іске қосылды. Аталған онлайн плотформа арқылы дәрігерлер науқастарға бейнебайланыс арқылы кеңес бере алады. Бағдарламаның негізгі мақсаты — қалалық емханалардың жұмысын жеңілдетіп, науқастардың дәрігерден көбірек кеңес алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінде өткен баспасөз брифингінде денсаулық сақтау басқармасының өкілі Жақсылық Мәуленқұлов мәлімдеді. Медициналық қызметті онлайн алу үшін ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚАТЕРЛІ ІНДЕТТІҢ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Қазақстандықтар бүгін пандемия салдарынан көз жұмғандарды еске алып, аза тұтты. Бұған дейін Қазақстан халқына үндеу жариялаған Мемлекет басшысы 13 шілде күнді Ұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. «Әр қазақ — менің жалғызым» дегендей, әр азаматымыздың қазасы жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан аталай асылдарымызды жұлып әкетіп жатыр. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтарымыздың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін ...

Читать далее »

ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕГЕ ЖАСАЛҒАН КҮРДЕЛІ ОТА СӘТТІ ӨТТІ

Шымкенттік дәрігерлердің жаңа туған шақалаққа жасаған күрделі отасы сәтті аяқталды. Шымкент қаласындағы клиникалық балалар аурухасының мамандары жаңа туған сәбиге күрделі операция жасап, шақалақтың денесіне туа біткен ісікті хирургиялық жолмен алып тастады. Сәбидің басындағы ісіктің көлемі үлкен болды,- дейді мамандар. Баланың басында үлкен көлемде ісік барын ақ желеңділер бала анасының құрсағында жатқан 29-аптада анықтаған. Сондықтан мамандар отағы бала дүниеге келген соң ...

Читать далее »

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ШАҚЫРТУЛАРЫ АЗАЙДЫ

Шымкент қаласы бойынша жедел жәрдем шақырту азайған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінде өткен Шымкент қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша арнайы штабында айтылды. Жиын барысында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстар талқыланды. – Қала бойынша жедел медициналық жәрдем шақыртулары саны азаюда. Шілде айының 1 жұлдызынан бастап, бүгінгі күнге дейін (12.07.2020) шақыртулар саны 2142-ден 1839-ге дейін төмендеді. Қаладағы инфекциялық төсек-орын саны ...

Читать далее »

ТОЙХАНАЛАР ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛУЫ МҮМКІН

Шымкент қаласындағы мейрамхана иелері эпидемиологиялық жағдай нашарлап, мұқтаждық туса өздерінің меншігіндегі ғимараттарды провизорлы, стационарлы орталықтарға айналдыруға дайын. Бұл ұсыныстарын олар қала әкімі Мұрат Әйтеновке жеткізді. Шаһардағы бірнеше ғимаратты аралап шыққан Мұрат Дүйсенбекұлы, әзірге қосымша провизорлық орталықтарды ашудың қажеттілігі жоқ екенін жеткізді. Өйткені, бүгінде ауруханалар мен стационарларда медициналық көмекке мұқтаж барлық науқастарды жатқызу үшін жеткілікті орындар бар. Алайда, індеттің таралуы өсіп, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 6 500-ГЕ ЖУЫҚ ТҮЛЕК ҰБТ ТАПСЫРДЫ

Шымкент қаласында биыл оқу жылын 172 білім беру ұйымында 8 885 түлек мектеп бітірді. Оның ішінде Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға 6 845 түлек өтініш білдірген. Түлектер тестті 21 – 30 маусым аралығында тапсырды. Өтініш білдірушілердің арасында ҰБТ тапсырғандар саны 6 468 болса, тапсырмағандар саны – 377. Денсаулық жағдайына байланысты 8 түлек тестілеуге жіберілмеген. 182 талапкер рұқсат етілмеген заттарды алып кірмек ...

Читать далее »

БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Шымкент қаласында 1 шілде күні «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары баспана мəселесін көтерген болатын. Қала әкімі М.Əйтенов тұрғындардың бұл шағымына назар аударып, аталған жайт екі күн ішінде шешілетінін жеткізген. Қала əкімінің бұл уəдесі орындалып, салымшылар қуанышқа кенелді. Еске сала кетейік, Шымкент қаласында бүгінгі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасымен 54 отбасы баспаналы болды. Оларға бұл бағдарламаның «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ ...

Читать далее »