Шымкент қаласындағы емдеу мекемелерінде инфекциялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеуге арналған 2810 төсек-орын бар. Оның ішінде 650 инфекциялық, 2160 провизорлық төсек-орын. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бүгінде стационардағы төсек-орындардың 90 пайызы босады. Қолайсыз эпидемиологиялық ахуал кезінде COVID-19 инфекциясымен күреске медициналық ұйымдарда 26 провизорлық стационар жұмыс істеді. Сонымен қатар, шаһардағы емханалар жанынан құрылған 133 мобильді топ тәулік бойы шақыртуларға шығуда. Қазіргі ...
Читать далее »Архив меток: Шымкент денсаулық
ШЫМКЕНТ: COVID-19 ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСТАРДЫҢ 85 ПАЙЫЗЫ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Шымкентте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың 85 пайызы емделіп шыққан. Бұл жөнінде бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді. «Бүгінге дейін инфекция жұқтырған 4379 науқас дертінен айықты. Олардың басым бөлігі егде жастағы азаматтар. Қазіргі таңда коронавирус инфекциясына шалдыққан 732 науқас ем алуда. Оның ішінде 18 науқас стационарда емін жалғастыруда» — дейді Т.Варзилов. 24 ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ҚОС ӨКПЕСІ ҚАБЫНҒАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛ ЖАЗЫЛЫП КЕЛЕДІ
31 жастағы Гүлжауһар Кунжубаева өкпесінің 80 пайызы қабынып, ауыр халде Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығына түскен. Дәрігерлер жүкті келіншекті бірден жансақтау бөліміне жатқызады. Қандағы оттегі мөлшері тым аз болғандықтан, 15 күн бойы өкпені желдету аппаратымен тыныс алған. Осы уақыт ішінде жансақтау бөліміндегі мамандар шаранасы бар әйелдің саулығы үшін күресіп, оң нәтижеге қол жеткізді. Жүкті әйелдің денсаулығы он алтыншы күні денсаулығы ...
Читать далее »ШЫҢҒЫС МҰҚАН: «НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАСАҚ, ІНДЕТТІ ҚАЙТА ӨРШІТІП АЛУЫМЫЗ МҮМКІН»
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаев және Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзиловтың қатысуымен қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде, ең алдымен, сөз тізгінін алған Шыңғыс Жұмабекұлы қаладағы қалыпқа түсе бастаған эпидемиологиялық ахуалды тұрақты жағдайда ұстау үшін жоспарлары жөнінде сөз қозғады. – ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 181 АДАМ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ
Дертінен сауығып шыққан науқастардың басым бөлігі амбулаториялық бақылауда болған. Ауруханада жатып ем қабылдаған науқастардың бірі -74 жастағы қала тұрғыны жиырма күннен аса дәрігерлердің бақылауында болған. Дәрігерлер әжейге коронавирус инфекциясынан бөлек «екі жақты пневмония» диагнозын қойған. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, инфекция жұқтырған 74 жастағы Шымкент тұрғыны вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ем-дом кезінде асқынулар болған ...
Читать далее »ҚР ПРЕЗИДЕНТІНЕ ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ЖАЙЫНДА БАЯНДАДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесу барысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын баяндады. Қала әкімі қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, коронавирус індетінің таралуына жол бермеу, сондай-ақ карантин режимін қамтамасыз ету және әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. «Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдей бастады. Өткен тәулікте 54 вирус жұқтырғандар тіркеліп, ...
Читать далее »ДӘРІЛЕРДІ ЗАҢСЫЗ САУДАЛАҒАН 11 ДЕРЕК АНЫҚТАЛДЫ
Үшінші мегаполисте медициналық препараттарды заңсыз сатқан 11 дерек анықталды. Бұл жөнінде Шымкент қалалық Прокуратура өкілдері мәлімдеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Шымкент қаласының прокуратурасы полиция, экономикалық тергеу, мемлекеттік кірістер, тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменттері және прокуратура қызметкерлері қатарынан мобильдік топ құрылған. Мобильдік топтың тексеруі барысында азаматтардың медициналық препараттарды заңсыз сатуының 11 дерегі және дәріханалардың дәрілік заттарды заңсыз өткізуінің 7 ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТАН ТАҒЫ 4 НАУҚАС САУЫҒЫП ШЫҚТЫ
Коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан науқастардың үшеуі бір отбасының мүшелері. Дертінен айығып шыққандар — 1972 жылғы және 1996 жылғы азаматшалар. Сондай-ақ бұл отбасынан қауіпті індетке шалдыққан екі айлық нәресте инфекциядан жазылып шықты. Дәрігерлер үздіксіз жасаған емнің нәтижесінде Түркістан облысынан 6-сәуір күні ауыр халде 1972 жылғы азамат қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған еді. Бір аптаға жуық жансақтау бөлімінде жатқан науқастың өмірі үшін ...
Читать далее »