Архив меток: Шымкент 2020

КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ

Шымкент қаласында 1 мамырдан бастап кейбір кәсіпкерлік нысандарының қалпына келтірудің бірінші кезеңі басталды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 сәуірдегі мәлімдемесіне орай өткен брифингте айтылды. Брифинг барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қалада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң түрде сақтай отырып, бірінші және екінші кезеңде қайта жұмысын бастайтын нысандар туралы жан-жақты ақпарат берді. — Қаламызда бүгіннен бастап, бірінші ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 8 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Вирус жұқтырғандар 2016, 1997, 1989, 1984, 1972, 1990, 1964, 1996 жылғы туылған қала тұрғындары. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕГІ БЛОК-БЕКЕТТЕР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Төтенше жағдай режимін сақтауға Шымкент қаласы Полиция департаментінің 1206 қызметкері және 120 арнайы автокөлік құралдары жұмылдырылған. Жалпы Шымкент қаласының кіреберістерінде 18 блок-бекет, қаланың көше қиылыстарында жалпы 20 бекет жұмыс істеп тұр. Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, осы күнге дейін блок-бекеттерден жалпы 86 772 автокөлік (63 330 азамат) тексерілген. Оның ішінде қаладан шыққан 17 154 автокөлік (22 971 азамат), қалаға кірген ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ ЕКІ НАУҚАС КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Сауығып шыққан азаматша 1960 жылғы қала тұрғыны. Науқастан дәрігерлер 12 сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтаған. Екі аптаға жуық медициналық бақылауда болған науқастың жағдайы жақсы, дейді мамандар. Сондай-ақ дертінен сауыққан тағы бір азаматша 1965 жылғы қала тұрғыны. Бұл науқастан дәрігерлер 7 сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтаған. Екі науқаста вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Емдеу терапиясынан кейін науқастардан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Алдағы үш жылда Шымент қаласында жол мәселесі толық шешімін тауып, биыл қала шетіндегі топырақ жолдарға шағал тас төселеді. Бүгін Абай ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысып, жергілікті халықпен жүздескен қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді. — Елбасы Н.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше мән беріп отыр. Биыл қазынадан миллионды қалаға 440 млрд. теңге қаржы бөлінді. Қаралған қаражат мақсатты ...

Читать далее »

МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫНА ҚОСЫМША СЫЙАҚЫ БЕРІЛДІ

Шымкенттегі 4 бірдей медициналық мекемеде өз денсаулығына төнген қауіпке қарамастан өзгенің саулығы үшін тынымсыз еңбек етіп жатқан 500-ден астам қызметкерге қосымша сыйақы тағайындалды. Демеушілер есебінен жиналған 25 млн. теңге қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы мен №2 қалалық аурухана қызметкерлеріне берілді. Сыйақыдан «Мейірім» және «Атамекен» оңалту орталығында карантин режиінде тоқтаусыз еңбектеніп жүрген медицина мамандары да тыс қалмады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН БІР НАУҚАС ИНТЕНСИВТІ ТЕРАПИЯДАН ПАЛАТАҒА АУЫСТЫ

Шымкент қаласында жұқпалы аурулар ауруханасындағы жан-сақтау бөлімінде жатқан COVID-19 бар науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды. Коронавирус инфекциясына шалдыққан 1984 жылғы азаматтың денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған еді. Екі күн жасанды демалу аппаратымен демалған науқастың жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды. Дәрігерлер науқастың енді қарқынды терапияны қажет етпейтіндігін алға тартты. ⠀ Айта кетейік, елімізде барлығы 43 пациент реанимациядан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 266 814 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

2020 жылғы 28 сәуір, сағат 9-дағы мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 493 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 266 814 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 263 166 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 266 814 азаматтың ішінде 254 032 өтініштер бойынша, ал, 12 ...

Читать далее »

1 МАМЫРДАН БАСТАП БІРҚАТАР КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАР ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 27 сәуірдегі мәлімдемесіне сәйкес, Шымкент қаласы аумағында іске қосылатын нысандар бойынша брифинг өтті. Брифинг барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов 2020 жылғы 1 мамырдан бастап қалада кейбір кәсіпкерлік нысандарының қалпына келтірудің бірінші кезеңі басталатынын атап өтті. — Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Президент тапсырмасымен елімізде карантин режимін ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІКТЕР 1 МАМЫРДАН БАСТАП САЯЖАЙҒА БАРА АЛАДЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті. — Шымкенттіктер қала аумағындағы саяжайларына күн сайын таңғы сағат 6-00-ден кешкі 21:00-ге дейін бара алады. Бірақ азаматтардың атына тіркелген саяжай учаскесінің бар екенін растайтын құжаты болуы тиіс. Бұл ретте саяжайлар кіру блокпостарының ведомствосына кіретін аумақта болуы қажет. Егер саяжай қала аумағынан тыс болса, онда кіруге рұқсат ...

Читать далее »