Архив меток: Шымкент 2020

ШЫМКЕНТ: ЖАС АБАЙТАНУШЫНЫҢ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Шымкент қаласында жас абайтанушы Әзімхан Исабек Абайдың 38-ші қара сөзі деп аталып келген «КИТАБ ТАСДИҚ» атты кітабын жарыққа шығарды. Ол өзінің туындысын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап отыр. Әзімхан Исабек 1996 жылы шым шаһарда дүниеге келген. Жас ғалым, әрі зерттеуші. Абайтанушы, ғалым Мекемтас Мырзахметұлы және Ақжол Қалшабек секілді профессорлардың шәкірті. Бүгінде ол М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да ашылған «Мұхтартану» ғылыми орталығында ғылыми ...

Читать далее »

ЦИТАДЕЛЬГЕ ТЕСТ-ТУР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласының туризм басқармасының бастамасымен қамалды қалпына келтіру бойынша жобалық тобының қызметкерлерімен бірлесе «Ескі қалашыққа» гид-эксркурсоводтарға арналған тест-тур өткізілді. Тур барысында экскурсоводтар қалашықтың негізгі нысандарымен танысып, алдағы уақытта жеке тәжірибесінде қолданатын ақпараттар алды. Ескі қалашық «ҚР туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясындағы туристендіру картасының ТОП-50 нысанының тізіміне енгізілген. Болашақта жоба туристерді тартатын орталыққа айналып, «Тәуелсіздік саябағы», «Ордабасы» ...

Читать далее »

ШІЛДЕ АЙЫНДА 42500 ТЕҢГЕНІ 100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ АЛДЫ

Шымкент қаласында карантин кезіндегі шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған 100 504 азаматқа шілде айына 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем берілді. Ал, қала бойынша 105 821 тұрғыннан өтініш келіп түскен. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Утебаева ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлім етті. Әлеуметтік төлемді кімдер және қалай алуға болатыны туралы түсіндіріп өткен сала ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМДА МИНЕРАЛДЫ ЖОЛАҚ ЖЫРТЫЛДЫ

Бұл туралы қала әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен Шымкент қаласының аумағында орман және дала өрттерін алдын алу бойынша онлайн режимде өткен жиында төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Н.Дербісов мәлімдеді. Оның айтуынша, қала аумағындағы орман қоры жерлеріндегі 406 шақырымда минералды жолақ жыртылған. Бұдан бөлек, егістік алқаптарында 400 шақырым, республикалық маңызы бар жолдардың бойында 65 шақырым және жергілікті автомобиль жолдарының бойында 315 шақырым өртке қарсы ...

Читать далее »

COVID-19. ГОСПИТАЛЬ 1 МАУСЫМДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов мәлімдеді. Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, бүгінгі күнге дейін 2 миллионнан астам көп қолданылатын маскалар, 88 тонна дезинфекциялық заттар, 166 мыңнан астам спрей шығарылды. Медициналық ұйымдар дәрі-дәрмекпен, жеке медициналық қорғау заттармен және тиісті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қалада жұқпалы аурулар ауруханасында коронавируске арналған төсек орындар 300-ден 450-ге ұлғайтылды. Бұдан басқа, 320 төсек орындық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕГІ ӘУЕЖАЙ АУМАҒЫНДА 485 КӨЛІККЕ АРНАЛҒАН АВТОТҰРАҚ САЛЫНУДА

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әуежай аумағын абаттандыруға арналған жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Жоба бойынша жалпы 5 гектар аумақты абаттандыру қарастырылған. Онда жер қазу, абаттандыру, асфальт төсеу, жарықтандыру, автотұрақ салу, аялдамалар салу жұмыстары жүргізіледі. Жоба бойынша атқарылатын әр жұмысты мұхият тыңдаған қала басшысы өзінің ұсыныстарын енгізіп, мекеме басшылығына бірқатар міндет жүктеді. Халықаралық әуежай аумағында салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалының ...

Читать далее »

СПОРТ МЕКТЕПТЕРІ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

Шымкентте спорт мектептері мен спорт секциялары жұмысын қайта бастайды. Спорт объектілері қызмет көрсетуге кіріспес бұрын мына талаптарды қатаң ескеруі керек: кіретін жерде жұмыскерлердің дене температурасын бақылау; температурасы жоғары және инфекциялық ауру белгілері бар адамдардың жұмыс орнында болуына жол бермеу; кіреберісте, холлда, дәліздерде әрбір 50-100 м сайын, лифттерге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнату; адамдар жиналуы мүмкін «күту аймағын» ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 8 380 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Бұл туралы ақпараттық коммуникация-орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлім етті. — Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты мемлекет тарапынан арнайы антикризистік шараларды қолдану арқылы, экономикамызды дамытуға тиісті қаржы бөлінген. Бұл ретте Шымкент қаласында да нақты шаралар қолға алынды. Қала бойынша жұмыспен қамтудың жол картасы арқылы 224 жобаны қаржыландыру мақсатында 45 млрд теңге қаржы бөлінген. Жобаны жүзеге ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Шымкент қаласында 11 мамыр күні коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды. 1955 жылғы азаматша Шымкент қаласы, Қаратау ауданының тұрғыны. 65 жастағы азаматша 2-мамыр күні ЖРВИ диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Науқастан зертханалық сынамасы алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 теріс нәтиже берген. 6 мамыр күні азаматша жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөліміне ауыстырылып, ИВЛ аппаратына қосылған. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР КӨБЕЙЕДІ

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлім етті. — Қала экономикасының маңызды саласының бірі – құрылыс. Биыл қалаға 250 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланған, оның ішінде 121 млрд теңгесі құрылысқа тиесілі. Негізгі басымдық — көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы. Қалада жалпы алаңы 1 млн шаршы метр, 13 384 пәтерлі 248 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы ...

Читать далее »