Архив меток: Шымкент

ШЫМКЕНТ: «ШЕЖІРЕ КҮНІ» АЯСЫНДА «ТУҒАН ӨЛКЕМ — ЖҰМАҚ МЕКЕН» АТТЫ МӘДЕНИ ШАРА ӨТТІ

Қазақстанда биыл Наурыз мерекесін 10 күн бойы атап өту ұсынылған болатын. Бүгін, яғни, 16 наурыз – Шежіре күні болып белгіленген еді. Осыған орай қаладағы «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК-на қарасты Жаңаталап, Қызылжар, Сайрам, Шапырашты мәдениет үйлерінде «Шежіре күні» аясында «Туған өлкем — жұмақ мекен» атты мәдени шара өтті. Аталған шара өскелең ұрпаққа өз тарихын білуге, ер-азаматты патриотизмге баулуға, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА 20 БҮЛДІРШІННІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Бүгін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен 20 қыз баланың тұсауы кесілді. Тұсаукесер рәсімге өңірдің танымал аналары, қыз-келіншектері Б.Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған «Өнер» мектеп-интернатының директоры, айтыскер ақын Маржан Есжанова, Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ақмарал Құдайбергенова, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ДЕНДРОСАЯБАҚТА 205 ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта «Ағаш – ел дәулеті, жер сәулеті» атты ағаш көшетін отырғызу шарасы өтті. Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, Жастар ісі секторы жетекшісі Анарғали Керімбеков және қалалық Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарының имамдары, ерікті жастар ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «АДАМГЕРШІЛІК ІЛІМІ ЖӘНЕ ХАКІМ АБАЙ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Шымкенттегі «Хакім Абай» музейінде белгілі абайтанушы, М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Әліпханның «Адамгершілік ілімі және Хакім Абай» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітапта адамзат танымының тарихында қызу талқыланған адамгершілік ұғымының мән-мазмұны мен төркін-тегі Аристотель, Плотин, Әл-Фараби, Ибн-Сина еңбектері негізінде жүйеленіп, айқындалған. Адамгершіліктің ең қайырымдылық пен жан саулығы, ең берісі игілік пен бақыт екені ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Шымкент орталық мешітінде әжелер мектебінің салтанатты ашылу шарасы өтті. Салтанатты шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, Әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан Досжанова және әжелер мектебінің мүшелері қатысты. Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы сөз алып, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында ашылып отырғанына айрықша тоқталып, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КӨКТЕМНІҢ АЛҒАШҚЫ АПТАСЫНДА 20 МЫҢ ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Шымкент қаласында көктемнің алғашқы сенбісінде жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылып, ағаш көшеттер отырғызылды. Қала әкімінің бастамасымен қолған алынған тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындар белсене қатысты. Бұл күні қала әкімі Мұрат Әйтеновтің басшылығымен Абай ауданының аумағына 20 мың түп қарағаш пен жыңғыл ағашы отырғызылды.Көшеттер Ақжар тұрғын алабына дейінгі көшенің бойына, мұсылман мазаратының маңына және Бадам өзенінің жағалауы сынды жерлерге егілді. Сонымен қатар, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласында биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортқа ерекше назар аударылады. Осы жылы 115 замануи спорт алаңы салынса, «Металлург» стадионы мен 12-ші балалар мен жасөсіпірмдер спорт-мектебінің спорт кешендерінің құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов халық алдында берген жылдық есебінде баяндады. Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты есепті кездесу онлайн форматта ұйымдастырылды. – Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 32 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2020 жылдың қорытындысы бойынша онлайн форматта өткен халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты. Шымкент қаласының тұрғындары жұмылуға тиіс басты мақсат – Адами капиталды өсіру. Себебі, адами капиталдың маңызын пандемия тағы бір рет көрсетіп берді. Сонымен бірге сапалы білім мен денсаулық саласы, салауатты өмір салты, мәдени-рухани даму – осылардың бәрі міне адами капиталдың басты ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМЫТЫЛАДЫ

Бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы мен Medical Nomad Association Орталық Азиядағы денсаулық пен мәдениетті дамыту жөніндегі Швейцария қауымдастығының өкілдері арасында келісім жасалды. Келісім аясында қаладағы мемлекеттік медициналық ұйымдардағы дәрігерлер Еуропа елдерінде білімін жетілдіреді және медициналық туризмді дамыту бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың айтуынша, қалада әр түрлі мамандық бойынша 4169 ...

Читать далее »

ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТА ЖАЛҒЫЗІЛІКТІ ҚАРИЯЛАРҒА ДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖОСПАРЛАНУДА

Шымкент қаласында зейнеткерлерге арналған «Асыл жүрек» әлеуметтік-медициналық орталығы бүгінде бір топта 15 адамға дейін 2 ауысымда қызмет көрсетуде. Карантин талаптарына сәйкес, күндізгі стационар негізінде жасақталған орталықта 65 жасқа дейінгі зейнеткерлер қамтылған. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков аталмыш орталықтың қызмет сапасын бақылап, жай-күйімен танысты. Әлеуметтік-медициналық орталық қарияларға тәуліктің күндізгі уақытында арнаулы әлеуметтік және медициналық қызметтер көрсетеді. Ғимарат медициналық тексеруден өту ...

Читать далее »