Архив меток: Мақтаарал ауданы

МАҚТААРАЛҒА 6 МЛН ТЕҢГЕНІҢ КІЛЕМІ ЖЕТКІЗІЛДІ

Су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданына Шымкенттегі «Bal-Tekstil» кілем фабрикасы да көмек көрсетті. Атакент ауылындағы облыстық штаб қоймасына жалпы сомасы 6 млн теңгелік 404 кілем келіп жеткізілді. Аталған кілем керуенін «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің мүшесі, «Bal-Tekstil» кілем фабрикасының директоры, белгілі кәсіпкер-меценат Талғат Ысқақов мақтааралдықтарға деп арнайы көмек ретінде жөнелтіпті. «Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан 6 мыңға жуық тұрғын зардап шекті. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕРЛЕР МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА 20 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Шымкенттік кәсіпкерлер тасқыннан зардап шеккен Түркістан облысының Мақтаарал ауданында болып, тұрғындармен жүздесті. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сапар мерекемен тұспа-тұс келгендіктен қалалық Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Қайрат Молдасеитов пен Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабиштаев бастаған делегация Өргебас ауылының ақсақалдарын Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады. Кәсіпкерлер тұрғындарға қаржылай және гуманитарлық көмек көрсетті. «Отау Групп» ЖШС ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІКТЕР МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА КИІМ-КЕШЕК ПЕН ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР ЖІБЕРДІ

Мақтааралдықтардың бүгінгі жай күйі шымкенттік кәсіпкерлерді де бей-жәй қалдырмады. Жомарт жандар Мырзашөл өңіріне қажетті киім-кешек пен гигиеналық заттар жіберді. Атап айтсақ, кәсіпкерлер тарапынан 4000 адамға аяқ-қиім мен спорттық киімдер, одан бөлек 200 дана жейде мен 150 дана әйелдерге арналған көйлек, шалбарлар жөнелтілді. «Апаттың айтып келмейтіні белгілі. Сондықтан Мақтаарал ауданына қиын сәтте қол үшін созып, төтенше жағдай зардаптарын жоюға бүкіл халық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕН МАҚТААРАЛҒА 10 СУ СОРҒЫШ ТЕХНИКАСЫ ЖІБЕРІЛДІ

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге шымкенттіктер де көмек көрсетуде. Соңғы мәліметтер бойынша, Шымкенттен Мақтааралға қосымша 10 су сорғыш техникасы жіберілді. Айта кетерлігі, бүгін таңертең сағат 06:00-де Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің тарапынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қосымша арнайы және қосалқы техникалар мен жеке құрам жіберілген болатын. Көмекке жіберілген техникалардың ішінде АСО 20, АЦ – 2, УАЗ ...

Читать далее »

МАҚТААРАЛҒА ҚОСЫМША КҮШ ЖІБЕРІЛДІ

05.05.2020 жылы сағат 06:00-де Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің тарапынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арнайы техникалар мен қосалқы күш жіберілді. Көмекке жіберілген техникаларға тоқталсақ, 21 жеке құрам, 4 дана техника (АСО 20 – 1 дана, АЦ – 2 дана, УАЗ – 1 дана) және 6 дана мотопомпа (МП-100) көлемінде қосалқы күштер мен құралдар бағытталды. Жалпы 2020 жылдың ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ҚҰТҚАРУШЫЛАР МАҚТААРАЛДА

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған ауданға 2020 жылғы 2 мамырда шыққан құтқарушылар күн сайын ауданның елдімекендеріндегі судың деңгейіне мониторинг жүргізуде, жергілікті халыққа көмек көрсету үшін су басқан ауылдарды аралауда. Осылайша, Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Жеңіс ауылында ірі және ұсақ малдарды құтқару жұмыстарын жүргізді. 200-ден астам үй орналасқан Өргебас ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕН МАҚТААРАЛҒА 30 АРНАЙЫ ТЕХНИКА КӨМЕККЕ ЖІБЕРІЛДІ

Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендерге авариялық-құтқару қызметі үшін 30 арнайы техника жіберілді. Ауданда төтенше жағдай орын алған алғашқы күннен Шымкент қаласынан арнайы техникалар көмекке жіберіле бастаған болатын. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбековтың мәлімдеуінше, су тасқынынан зардап тартып отырған ауданға көмек мұнымен тоқтамайды және шаһардан жіберіліп жатқан көмек Мақтаарал ауданы әкімінің ұсынысына сәйкес қарастырылуда. – Қазір Мақтаарал ауданының ...

Читать далее »