Архив меток: САҚ киностудиясы

ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШ РЕТ ЦИРК ЖАЙЛЫ СЕРИАЛ ТҮСІРІЛМЕК

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Сақ» киностудиясы мен «Шымкент-Цирк» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бірлесіп түсіретін «Манеж» сериалының алғашқы көрсетілімі бойынша брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде «Шымкент-Цирк» МКҚК-нің директоры Арман Алиев сериалдың мақсатын жеткізді. – Сериалды түсірудегі негізгі мақсат – цирк өнерін насихаттап, оның қаншалықты күрделі сала екенін көрсету. Фильмде әртістердің төккен тері, ғажайыптар құпиясы және ерекше бағдарламалары көрсетіледі. Осы ретте көрермен республикадағы үшінші ...

Читать далее »

«САҚ» КИНОСТУДИЯСЫ ЖАҢА АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ ТҮСІРДІ

Шымкентте «Көне құмыраның сыры» атты анимациялық фильмнің үшінші бөлімі жарық көрді. Қала әкімдігінің тапсырысымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жарыққа шыққан «Сақ» киностудиясының туындысы Шымкентті қызғалдақтар мекені ретінде таныстырады. Танымдық мәні зор, тағылым алар туындының режиссері елімізге танымал аниматор Батырхан Дәуренбеков, сценариін Бақытжан Құлжабай жазып шыққан. «Қазақстан –қызғалдақтар отаны. Өскелең ұрпаққа сол жайлы көбірек айтуымыз керек. Елімізде қызғалдақтың көптеген түрі өседі. ...

Читать далее »

ӘЛ-ФАРАБИ ФИЛЬМІНІҢ ТҮСІРІЛІМІ ЖАЛҒАСУДА

Биыл ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл. Осыған орай Түркістанда «Екінші ұстаз» туралы тарихи 10 сериялы телехикаясы түсіріліп жатыр. Бұл — Қазақстан ұлттық телеарнасымен біріккен жоба. Фильмді «САҚ» киностудиясы Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша түсіріп жатыр. Тарихи оқиғалар мен киелі орындарды қамтитын аталмыш фильм күз айларында көрермен назарына ұсынылады дейді фильм түсірушілер. Бұған дейін түрлі фильм түсіріп, елге ...

Читать далее »