Шымкент қаласында күзгі егін жинау жұмыстары аяқталды. Биылғы жылы 27,9 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 мың гектарға артты. Қала әкімі Мұрат Әйтеновке дала жұмыстарының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков есеп берді. Оның айтуынша, күзгі дала жұмыстарын толығымен мерзімінде аяқтау үшін 725 доңғалақты трактор және 35 комбайн жұмылдырылған. ...
Читать далее »Архив меток: Шымкент экономика
«ОҢТҮСТІК ҚҰРЫЛЫС СЕРВИС» ЖШС ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА
Шымкентте темір-бетон бұйымдарын өндіретін «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС кеңейту және жаңғырту жобаларын жүзеге асыруда. 2011 жылы құрылған кәсіпорын жылына 20 000 текше метр темір-бетон бұйымдары, 60 000 шаршы метр қабырға панелін өндіреді. Зауыт дайын өнімді отандық нарыққа шығаруда. Кәсіпорын басшыларының айтуынша, «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС «ҚДБ-Лизинг» компаниясымен жасалған келісімшарт негізінде зауытты жаңғыртуды қолға алған болатын. Барлық жаңа жабдықтарды іске қосу-жөндеу ...
Читать далее »ЕГІСТІК АЛҚАБЫНАН 60 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ЖИНАЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында ауылшаруашылығы саласын экономиканың қозғаушы күші ретінде дамытуды тапсырған болатын. Осы мақсатта қалада ауылшаруашылығын дамыту бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. Шымкент қаласындағы күзгі дала жұмыстары туралы қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандары хабарлады. Олардың айтуынша, биыл жоспарға сәйкес 27 600 гектар аумаққа егістік егу жоспаланған. Қазіргі таңда 27 908,2 гектарға егіс егіліп, жоспардан 308,2 гектарға артық ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ ДИНАМИКАСЫ ЕКІ ЖЫЛДА ҚАЛАЙ ӨЗГЕРДІ?
Шымкент қаласына — 2018 жылы Елбасы Жарлығымен республикалық маңызы бар қала статусы берілген болатын. Бұл тарихи шешім қаламыздың орталық Азиядағы ірі мегаполистермен терезесін тең алып жүруге жол ашты, экономикалық дербестік берді. Қаламыздың 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясы, 2023 жылға дейінгі Кешенді даму жоспары әзірленіп, бекітілді. Екі жылда қалада көптеген оң өзгерістер болып, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жақсарды. Мәселен, қаланың даму параметрлеріне қарайтын ...
Читать далее »8 АЙДА 100 МИЛЛИОННАН АСТАМ ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІЛДІ
Шымкент қаласында 8 айда 22,9 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 процентке өскен. Бұл өсімге мал шаруашылығы саласындағы өнім көлемін арттыру арқылы қол жеткізілді. Атап айтқанда, 8 ай ішінде 100,4 миллион дана жұмыртқа алынды. Оның ішінде 23 миллион данасын «Тассай құс» және «Шымкент құс» ЖШС-тері өндірген. Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандарының ...
Читать далее »«ТЕПЛИЧНЫЙ РАЙ» АГРО-ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласындағы «Тепличный рай» агро-индустриалды аймағындағы іске асырылатын жылыжайлардың құрылысы басталды. Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов және жеке инвесторлар мен шаруақожалық иелері қатысты. Аталған агро-индустриялды аймақ Абай ауданындағы сауда-логистикалық орталық маңында орналасқан. Аумағы 136 гектарды құрайды. Жылыжайлардың құрылысы 2 кезеңді қамтиды. Атап айтқанда І–кезеңде 2020 – 2021 жылдар аралығында 30 гектар аумаққа өнеркәсіптік жылыжай кешені салынады. 9,4 млрд. теңгені ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ӘЛЕМНІҢ 11 ЕЛІНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ЭКСПОРТТАДЫ
Шымкент қаласының шаруалары жыл басынан бері 73,6 млн. АҚШ доллары болатын ауыл шаруашылық өнімдерін әлемнің 11 еліне экспорттаған. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырған ауыл шаруашылығы экспортының артқаны байқалады. Мәселен 2019 жылы 65,5 млн. АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері шетел нарығына шығарылған. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мамандары мәлім етті. Шымкенттен шыққан өнімдер Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Ауғаныстан, ...
Читать далее »КӘСІПКЕРЛЕР БИЗНЕСІН БАСТАУ ҮШІН ПЛАТФОРМА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Сәттібаев, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ә.Төлебаев және Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Қабыштаевтың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде қаламызда енгізілген карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету және 17 тамыздан бастап іске қосылатын нысандар бойынша сөз қозғалды. – Мемлекеттік комиссия отырысында еліміздегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 17 тамыздан бастап шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету бойынша шешім ...
Читать далее »