Архив меток: ардагер

ШАҺАР БАСШЫСЫ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Халықаралық қарттар күніне орай, аға ұрпаққа құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады. Жылдағы дәстүрге сай “Миллионер” мейрамханасында қарттарға дастархан жайып, өмір жолдары мен ел үшін жасаған еңбектерін ұлықтады. Арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылып, ән-күйден шашу шашылды. Қала әкімінің сыйлықтары табысталды. Сонымен қатар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық, әсіресе қоғамдық-саяси өмірінің дамуына қосқан үлестері үшін бірқатар ардагерлер қауымы марапатталды. Шаһар басшысы М.Әйтенов ...

Читать далее »

ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН ҰЛЫ ЖЕҢІС!

Естемесов Қаражан- ҰОС ардагері ЕСТЕМЕСОВ Қаражан 1921 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылында дүниеге келген. 1941 жылы 14 маусым күні армияға алынды. Алғашқы кезде 61-полкта жаяу әскер қатарында болды. Соғыс кезінде Киев, Житомир, Полтава, Белоцерковь тағы басқа қалалардағы шайқастарға қатысты. Соғыс аяқталып, елге оралған соң мақта алабына жұмысқа шықты. Өзі де таң атқаннан қас қарайғанға дейін тынбай еңбек ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҰОС АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАП БАРДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Шымкент қаласындағы 40 майдангерге Ұлы Жеңістің 75 жылдығы арнайы медалі мен құттықтау хаты табысталды. Мереке қарсаңында қала әкімі Мұрат Әйтенов ҰОС ардагері Сәрсен Әбдінұровтың үйіне барып, арнайы медалін тапсырып, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Майдангер атамыз 1922 жылдың 22 желтоқсанында дүниеге келген. Соғыс жылдарында ол 368-шы, кейін 823-ші атқыштар полкінде қызмет етті. Кейіннен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: АРДАГЕРЛЕРДІҢ АЛҒЫСЫ ШЕКСІЗ

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесінің қарсаңында Мемлекет басшысының «Ардагерлер туралы» арнайы заңға қол қоюы – еліміздегі барлық ардагерлер үшін зор қуаныш! Заң соғыс және еңбек ардагерлерінің ҚР Парламенті мен Үкіметіне жолдаған көптеген өтініштеріне байланысты әзірленді. Құжатта қолданыстағы заңнама бойынша ардагерлерге берілетін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктер топтастырылған. Бұл заңның әзірленуі кезеңінен бастап, талқылануы мен қабылдануына дейін Чернобыль ардагерлері одағының атынан арнайы ...

Читать далее »

БАТЫРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛДІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

Елімізде «Ардагерлер» туралы Заңның қабылдағанын естідім. Балаларым мен немерелерім Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері, Ауған соғысына қатысқан азаматтарға да көптеген жеңілдіктердің жасалып жатқанын жеткізіп, қуантып қойды. Менің жасым 98-ге таяды. Ұлы Отан соғысына 19 жасымда аттандым. Бүгінде ардагерлер қатары сиреп барады. Бізден кейінде соғыстың зардабын тартқан ұрпақтар аз емес. Ауған жерінде болған соғыста қаншама боздақтардан айрылдық. ...

Читать далее »

ЕРЛІК ПЕН ЖЕҢІС

Аскеров Али, ҰОС ардагері АСКЕРОВ Али Грузия Республикасы, Тибилис қаласында 1922 жылы дүниеге келген. Қызыл әскерге 1942 жылы шақырылып, көп ұзамай ұрыс қимылдарына кірісіп кетті. Сталинград майданында 65-ші бөлімшенің батальон командирі болып, жауға қарсы көптеген шайқастарға қатысты. Совет армиясы қатарында1948 жылға дейін қызмет етті. Шымкент қаласына 1957-1960 жылдары көшіп келіп, қаладағы СМУ-да (құрылыс-монтаж басқармасы) жұмысшы, бетоншы болып жұмыс істеген. Бұдан ...

Читать далее »

ЕРЛІКТІҢ ЖОЛЫ ЕЛДІККЕ БАСТАЙДЫ

ӨТЕШОВ Асқар, ҰОС ардагері ӨТЕШОВ Асқар Даражанұлы 1924 жылдың 1 мамырында дүниеге келген. 1942 жылдың тамыз айында Қызыл әскер қатарына алынып, майданға аттанады. Белоруссия және Брест-Польша шекарасында қызметте болды. Баронович қаласындағы 24-ші дивизияның 86-шы шекарашылар отрядында қалтқысыз қызмет еткен. 1945 жылғы көптен күткен Жеңіс күнін ол осы қалада қарсы алады. Көп ұзамай әскер қатарынан босатылып, туған қаласы Ташкентке қайтып оралады. ...

Читать далее »

ЖЕҢІС КҮНДЕРІНІҢ ДАҢҚЫ ӨШПЕЙДІ

ТӨРЕХАНҰЛЫ Батыр, ҰОС ардагері ТӨРЕХАНҰЛЫ Батыр Түркістан ауданы Үшқайың ауылында 1922 жылы 1 қыркүйекте дүниеге келген. 1942-1946 жылдары әскер қатарында болып, Чита қаласында жасақталған 1011 полктың Быков автоматты-барлау ротасында қызмет етті. Забайкалье майданында Қытайдың Цицикар қаласын жапон милитаристерінен тазартуға қатысты. Соғыс кезінде ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Маршал Жуков Г.К.», «Жапонияны жеңгені үшін» және басқа да медальдермен марапатталды. 1949 жылы ...

Читать далее »

75 КҮН – 75 ИГІ ІС

Ұлы Жеңіске 75 жыл толуына орай М.Әуезов атындағы ОҚМУ «75 күн – 75 игі іс» атты марафоны басталды. Аталмыш марафон аясында 75 күн бойы фото-плакат көрмелері, арнайы тақырыптық байқаулар, тәлімгерлік сағаттар, кездесулер, ардагерлерді құттықтау, құрмет көрсету секілді іс-шаралармен жалғасын таппақ. Негізгі мақсат – Жеңіс мерекесінің мәні мен маңызын студенттердің бойына сіңіре отырып, өскелең жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, батырлыққа баулу, ерлікке ...

Читать далее »