Архив меток: базар

«БЕКЖАН» БАЗАРЫ ӨРТКЕ ОРАНДЫ

9 маусымы сағат 15:13 шамасында Темірлан тас жолындағы «Бекжан» базарының алдында автокөлік тұрағында орналасқан аяқ-киім дүңгіршектері жанып жатқаны белгілі болды. Мамандардың хабарлауынша, өртті сөндіруге ТЖД-ның 70 өрт сөндірушісі мен 24 дана арнайы техникасы жұмылдырылған. Жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыған. Аталған оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау сағат 15:43 шамасында сөндірілген. Қазіргі таңда өрттің шығу салдары анықталуда.

Читать далее »

БАЗАРЛАР ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

Шымкент қаласы аумағындағы базарлар 12 мамырдан бастап (автокөлік базары мен мал базарынан бөлек) сағат 10:00-ден 18:00 аралығында жұмыс істей бастайды. Бұл туралы ақпараттық коммуникация-орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлім етті. Сонымен қатар, ертеңнен бастап, таңғы 07:00 мен кешкі 21:00 аралығында қоғамдық көліктер де жұмысқа кіріседі. — Қазақстанда бүгіннен бастап төтенше жағдай режимі алынды. Алайда пандемияның ...

Читать далее »

САУДА НЫСАНДАРЫ ОНЛАЙН ТӨЛЕМГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРУДЕ

Шымкентте 1 мамырдан бастап төтенше жағдай штабының экономикалық-әлеуметтік маңыздылығы бар деп таныған бірнеше қызмет көрсету орталықтары мен кәсіпорындардың жұмысы қайта басталады. Осылай кезең-кезеңімен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, кәсіпкерлер өз жұмысына кірісе алады. Дегенмен бұл — қауіптің толық сейілгенін білдірмейді. Барлық сауда нысандарында санитайзерлер мен маскалық режим, дезинфекциялық жұмыстар күшейтіледі. Алдын хабарланғандай, қаладағы барлық шағын және орта бизнес өкілдеріне карточкалық ...

Читать далее »

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІН БҰЗҒАН 20 ТҰЛҒА ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Шымкентте төтенше жағдай режимін бұзған 20 азамат әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Қазіргі таңда Шымкентте 18 блок-бекет жұмыс істеуде. Аталған бекеттерде жалпы 692 қызметкер жұмылдырылған. Оның ішінде 230 полиция қызметкері, 216 медицина қызметкері, 168 қарулы күштер және 60 ұлттық ұлан сарбаздары 3 ауысымда тәулік бойы қызмет атқаруда. «Төтенше жағдай кезеңінде, қойылған шектеулерді ...

Читать далее »