Архив меток: госпиталь

ШЫМКЕНТ: НАУҚАСТАРҒА ҚОСЫМША 100 ТӨСЕК ОРЫН АШЫЛДЫ

Шымкент қаласының №2 қалалық емханасы негізінде «Ардагерлер үйі» провизорлы госпитальда 100 төсек орны ашылды. Ауруханада жедел респираторлы вирустық инфекциялармен және пневмониямен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетеді. Қазірде госпитальда 54 науқас ем қабылдауда. Мұнда науқастар үшін барлық қажетті дәрі-дәрмектер, медициналық құралдар және жеке қорғаныс құралдары жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген. Ауруханада 4 дәрігер, 20 медбике және 10 санитар қызметкер бар. Бүгінде науқастар ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МОДУЛЬДІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, коронавирустық инфекцияны төмендету бойынша шараларды күшейту үшін Шымкентте модульді жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы аяқталды. Жаңа орталықтың ашылуына еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов арнайы келді. Бір қабатты ғимарат 200 төсек-орынға арналған, модульді үлгі бойынша салынды. Госпиталь қаладағы «Ақжайық» шағынауданында бой көтерді. Орталық қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы болып табылады. Мұнда коронавирустық инфекцияға күдікті деген барлық пациенттерді ...

Читать далее »

COVID-19. ГОСПИТАЛЬ 1 МАУСЫМДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов мәлімдеді. Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, бүгінгі күнге дейін 2 миллионнан астам көп қолданылатын маскалар, 88 тонна дезинфекциялық заттар, 166 мыңнан астам спрей шығарылды. Медициналық ұйымдар дәрі-дәрмекпен, жеке медициналық қорғау заттармен және тиісті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қалада жұқпалы аурулар ауруханасында коронавируске арналған төсек орындар 300-ден 450-ге ұлғайтылды. Бұдан басқа, 320 төсек орындық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Коронавирус індетінің кең таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласында барлық сақтық шаралары жасалуда. Азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау үшін 2020 жылғы 4 сәуірден бастап қала аумағында карантин режимі енгізілгені белгілі. Бұл ретте қала тұрғындары карантин талаптарын бұлжытпай орындауы өте маңызды. Қазіргі таңда Шымкент қаласының кіреберістерінде 18 блок-бекет жұмыс істеуде, шаһарда залалсыздандыру шаралары күшейтілуде. Сондай-ақ медицина мамандары төтенше жағдайға байланысты ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ COVID-19 ВИРУСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАРҒА ГОСПИТАЛЬ САЛЫНУДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһарда салынып жатқан 200 орындық аурухана құрылысымен танысты. Төтенше жағдай кезінде науқастарды қабылдайтын госпиталь тез құрастырылатын материалдардан Ақжайық шағынауданында тұрғызылады. Оған қажетті құрылыс заттары толықтай отандық. 400-ге жуық жұмысшы жергілікті жерден тартылған. Қала әкімі карантин кезінде жұмысшыларды арнайы автобуспен тасымалдау, қауіпсіздік шараларын сақтау және ауыр жүк көліктерінің тәулік бойы құрылыс заттарын тоқтаусыз жеткізу мәселесінде ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ГОСПИТАЛЬ САЛЫНБАҚ

Шымкентте 1456 төсек орынға арналған карантиндік стационарлар қарастырылған. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова мәлімдеді. Қазіргі таңда Шымкент қаласына кіретін жолдарға 18 блок-бекет қойылған. Онда 18 жедел медициналық жәрдем бригадасы, бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарынан 45 орта медициналық қызметкер (фельдшерлер, медбикелер) 3 кезекте жұмыс істеуде. Блок-бекеттердегі медициналық пункттер 52 байланыссыз термометрмен, обаға қарсы 71 костюм ...

Читать далее »