Архив меток: коронавирус инфекциясы

ШЫМКЕНТКЕ 6,2 МЛРД ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАР ЖЕТКІЗІЛДІ

Шымкентте тұрғындарды дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапты. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта өткен Үкімет отырысында дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Бүгінде жалпы сомасы 7,21 млрд. теңгені құрайтын дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізуге келісімшарттар жасалған. Бірыңғай дистрибьютормен 6,2 млрд. теңге көлемінде дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткізілді. Бүгінгі ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 6 651 НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙДА ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 сәуірдегі мәлімдемесіне сәйкес, Шымкент қаласында мамырдың 1-ші жұлдызынан бірқатар шағын және орта бизнес нысандары қалыпты жұмыс істей бастады. Атап айтқанда, бірінші кезеңде жұмысын бастаған нысандар: химиялық тазалау, кір жуу орындары, кілемдерді тазалау орталықтары, ателье, киім мен аяқ киім жөндеу, тұрмыстық техника жөндеу орталықтары, автожуу орындары, шиномонтаж, май ауыстыру орталықтары, техникалық қызмет көрсету станциялары, токарлық, дәнекерлеу ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 277 556 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

2020 жылғы 2 мамыр, сағат 9-дағы мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 493 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 277 556 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 252 806 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 277 556 азаматтың ішінде 264 774 өтініштер бойынша, ал, 12 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «COVID-19» ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН ТАҒЫ 3 ЖАҒДАЙ АНЫҚТАЛДЫ

15.04.2020 жылғы сағат 23:30-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласында тағы 3 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Науқастанғандар Шымкент қаласының тұрғындары. COVID-19-ды жұқтыру қауіпі жоғары топтағы медициналық қызметкерлерді тестілеу кезінде анықталғандар. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда үшеуінің де жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, ...

Читать далее »

БАНК БӨЛІМШЕ АЛДЫНДА КЕЗЕК КҮТЕТІН АРНАЙЫ ЖОЛАҚТАР СЫЗЫЛДЫ

Бұл туралы «Halyk Bank» АҚ Шымкент өңірлік филиалы директорының орынбасары Айжан Досымбекова мәлім етті. Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында Шымкенттегі Halyk Bank қалалық бөлімшелері банкоматтардың жанында арақашықтық белгілерiн сызды. Бұл клиенттер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау үшін жасалған, кезек күтетін орындардың арасы бір метр. — Банк бөлімшелерінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барлық сақтық шаралары күшейтілген. Онда маскалық тәртіп қатаң сақталады, кеңесшілер ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕГІ 213 БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАТЫНА КӨШЕДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков және қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева төтенше жағдайға байланысты онлайн білім беру жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жан-жақты баяндады. Шымкент оқушылары үшін төртінші тоқсан ерекше форматта өтеді. Өйткені елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты балалар қашықтықтан оқыту жүйесіне көшіп отыр. – Миллионды қала оқушылары білім беру жүйесінің екі бағыты ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ТАРАҒАН 57 ОШАҚ ТІРКЕЛДІ

Шымкент қаласы бойынша барлығы 57 ошақ тіркелді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр баспасөз брифингінде мәлімдеді. Ал, 5 ошақтан карантин алынды. Олар — Самал-1, Тайманов көшесі; Төреқұлов көшесі; Мақталы көшесі, 8 ш / а.Желтоқсан 3А. Қала бойынша барлық кіру пункттерінде 17 блок-бекет қойылған. Блок бекеттердің барлығында жедел жәрдем бригадасы, сондай-ақ медициналық санитарлық көмек көрсететін ұйымдарының орта медицина қызметкерлері ...

Читать далее »

Шымкентке кіретін жолдар толық жабылады

31 наурыз сағат 21:00-ден бастап Шымкентке кіретін барлық жолдар жабылады Шымкент қаласында бүгін сағат 21.00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кезекті мәлімдемесінде айтты. — Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Короновирустың тез таралуы тұрғындардың денсаулығына қатер төндіруде. Бүкіл әлемде вирус жұқтырғандар саны 700 мыңнан асты. Індеттен қаза тапқандар саны әлемде 34 мың адамға жақындады. Қазақстанда ...

Читать далее »

«ШЫМКЕНТ — ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЖЫЛЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛДЫ

«Мәдени астана» жылының ашылу салтанаты кейінге қалдырылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков БАҚ өкілдеріне арнап өткізілген брифинг барысында айтты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус Женевада өткен баспасөз брифингте коронавирус инфекциясының таралуын пандемия деп таныған болатын. Ол өз сөзінде таяу күндері ауру жұқтырған елдер қатары көбейеді дегені өздеріңізге белгілі. — Мемлекет басшысы бүгін Қасым-Жомарт ...

Читать далее »