Үшінші мегаполис атанған Шымкент қаласында егістік көлемі 1000 гектарға артқан. Бұл туралы аппараттық мәжіліс барысында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 27,6 мың гектарға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1000 гектарға көп. Сонымен қатар көктемгі дала жұмыстарына 1,25 мың тонна жанар-жағармай бөлініп, 174 – теңгеден 160 — теңгеге төмендетілді. ...
Читать далее »