Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдайдан кейінгі кәсіпорындардың жұмысымен танысу мақсатында Қазақстандағы ең ірі «Бал Текстиль» отандық кілем өндіруші фабрикасын аралап көрді. Жобалық құны 11 миллиард теңге инвестиция жұмсалған кәсіпорынның қуаттылығы жылына 6 миллион шаршы метр кілемді құрайды. 300 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін зауыт полипропиленді жіптерді де шығарады. Бүгінде Қазақстан кілемдері Германия, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстанға экспортталады. ...
Читать далее »